Сүлеймен МӘМЕТ
Сүлеймен МӘМЕТ«Egemen Qazaqstan»
62 материал табылды

Руханият • 11 Маусым, 2019

Арда азаматты ардақтады

Арда азаматымыздың біре­гейі Ербол Шаймерден­ұлы мына фәни дүниеден бақи дүниеге аттанғалы да жеті жылға таяп қалыпты. Бірақ артында Абай айт­қандай, өлмейтін сөзі, өшпейтін көзі қалды.

Аймақтар • 10 Маусым, 2019

Оқырман оқушылар

Елордадағы №73 мектеп-лицейі жыл қорытындысына арналған басқосу өткізіп, жүзден жүйрік шыққан озаттардың білім жарысында, ғылыми жобаларда, пән олимпиадаларында, өнер бәйгелерінде жеткен жетістіктерімен таныстырды.

Қоғам • 31 Мамыр, 2019

Сән-салтанат һәм саналы ұрпақ

Бір жыл да өте шықты. Соңғы қоңырау соғылып, миллиондаған оқушы алған білімдерін түйіндеп жатыр. Мектеп табалдырығын өткен күзде аттаған балапан балғын ұрпақ екінші сыныпқа өтіп, өзі де, ата-анасы да ерекше бір сезім құшағында жүрсе, өмір сапарына қанат қаққан түлектердің де қуанышы мен көңіл толқыны кімді де болса толғандыратыны сөзсіз. Бұл ұрпақтар сабақтастығының үзілмей келе жатқан алтын арқауы десек жарасады.

Қазақстан • 15 Сәуір, 2019

Елдік істің елеулісі

Азат ел өзгелерге өзіндік дара белгілерімен, дана ұлдарымен, таным-тағылымымен, дәс­түр-салтымен танылады. Осы та­нылудың бір дәйегі әліпбиімізді анықтау еді. Оған қол жетіп келеді. Екі жылға таяу уақыт бұ­рын латынға көшу туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жарлығы шықты. Осы жыл­дың басында жаңа емле ере­жесінің толық нұсқасы «Egemen Qazaqstan» газетінде жария­лан­­ды. Бас газетке берген сұх­батында Президент Қ.Тоқаев «Кез келген ұлттың әліпби таң­да­уы тек жазу үлгісін таңдау емес», деп оның мән-мағынасына тереңдеп барып, бұл игілікті іске нақты жұмыстар қажеттігін атап айтқаны белгілі.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2019

Қазақтың Қанипасы еді ғой

Қазір мұғалімнің беделін көте­реміз, мәртебесін арттырамыз деп, заң әзірлеп жатырмыз. Осы қа­дамда дәстүр жалғастығын кө­теретін бүгінгі мұғалім кімнің мұ­ра­­гері, кімнің үлгісін үйрену керек дегенді естен шығарып, бәрін тың­­нан бастап, барды ысы­рып, жоққа жорамал жасау көп іске көл­денең болып келеді. Ондайдан жақсару өз алдына, қолдағының қадірін кеті­ріп, жар жиегіне тақап, кейін «Бұл қалай болды?» деп аңтарылатын тұсымыз, екінші рет қайталамау жағын ойластыру мәселесі ысырылып қала беретіні де бар. Бұл білім саласын зорға емес, сорға сүйреп жүр. Осыдан 5 жыл­­­дай бұрын бүкіл ел ұстаздары қуа­на қолдап, «Бізге де жасалған құр­мет!» деп білген, көзі тірі кез­інде-ақ «Қазақтың Қанипасы» атан­ған Қанипа Бітібаева атындағы тұң­ғыш педагогикалық музей ашы­лып еді. Бұл Өскемендегі Жам­­был атындағы облыстық ма­ман­дандырылған мектеп-гимназия интернатында орын тепкен. Бірақ ұстаздардың бұл қуанышы ұзақ­­­қа бармапты. Түрлі сылтаулар кесірінен музей оқу кабинетіне айналып шыға келген. Бұл жайсыз мәсе­ле бас басылым – «Egemen Qazaqstan» газетінің 2019 жылдың 13 нау­рыздағы нөмірінде жан-жақ­ты көрсетілді. Сонда ашып, артынан жаба салуды қалай түсінуге бола­­ды?

02 Сәуір, 2019

Qazaqtyń sheshendik sózderi

Sóz qadirin, til qudiretin jete uqqan ulylar­dan qalǵan bir qundylyǵymyz – sheshen­dik sózder. «Tilde býyn joq» dep jatady. Býynsyz tilden shyqqan sóz jaqsy bolsa janyn­dy jadyratady, ársiz, nársiz, «tıse terek­ke, tımese butaqqa» degendeı, ala-shubar kelse janyńa jara, aryńa daq túsedi.

25 Ақпан, 2019

Tyǵyryqtan tıanaqty is shyǵarady

Elbasy Nursultan Nazarbaev jyl saıynǵy Joldaýlarynda, alqaly basqosýlarda Úkimetke jumysty jú­ıeli atqaryp, halyqtyń ál-aýqatyn jaq­sartýdy qatań tapsyratyny belgili. Máse­len, byltyr kúzdegi Joldaýynda Úki­mettegi, basqa da memlekettik organdardaǵy uzaq otyrystar men keńesterdiń sany eselep artyp, qujat aınalymy kóbeıip ketkenin de synǵa alǵan edi. 

13 Ақпан, 2019

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

17 Қазан, 2018

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

16 Ақпан, 2017

Көзіңізді күтіңіз