Пікір • 22 Ақпан, 2024
Бұрын елімізде елудей ғана жоғары оқу орны болған. Қазір жүзден асады. Шетінен университет. Институт түлектері шетінен мықты еді бір кездері. Нарық бәрін өзі реттейді, бәсеке артып, қажетсізі қалады деді. Қайдан, қожайындары басы ауырып, балтыры сыздап, тер төкпей дайын ғимараттарды – бәрін молынан қарпығандар еді. Олардың дені маман дайындап жатырмыз деп желпілдегенмен, пиғылы әлемде солай деп халықтың қалтасын қағу болатын. Қатырма қағаз үлестіретін. Жұмыс табу жағына бас қатырмайтын. Балам оқыса бастық болады деген ниеттің жетегіндегі ата-ана тұралап қалғанша оқытты. Бір емес бірнеше диплом әперді, жұмыс жоқ. Сөйтіп, дипломды жұмыссыздар көбейді. «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелдерде маман дайындау қолға алынды. Ақиқатын айталық, ұлттық рухы мықтылар үшін, бұл керемет іс, бағдары айқын бағыт еді. Алғашқы түлектер мықты болды. Амал не, жүйесіздік олардың да біразын тоқыратып тынды.
Мәдениет • 06 Ақпан, 2024
Ұлттың ұлы дүниесіне, рухани құндылығына, яғни жұртымыздың болаттай бұзылмаған болмысын тайға таңба басқандай танытатын, қанша шаң-тозаң бораса да тот баспаған, ниеті бұзық тобыр да сығырайып көрген жауһарларымызды өткен ғасырда, қызыл империяның сұм саясатының арасынан жол тауып, хатқа түсіріп, қорғасындай қорытып кеткен, Алаш идеясына адал арыстардың мұрасын қайта бір қарап отырғанда «ұлтшылдығына» ұйисың, атаққа жығылмайтын, ішкі есебіне үңілмейтін адал ісіне сүйсінесің. Бүгінгі таратып айтып жүрген барымыздың басында сол алыптар тұрғанына көз жеткізіп, екі дәуірдің зиялыларын салыстырмасқа шараң қалмайды. Желкесінде тұрған жендеттерге де қарамай, бас кетер қатерді де елемей, ұлт ісін шын ниетпен атқарғандар үлгісін жалтақтамай жаңғыртқанда бүгін ұлт тілі көкпарға түспей, көсегесі көгеріп шыға келер еді-ау, ә?!
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Бір замандары кәсіподақ қоғамдық ұйымдардың ішіндегі қадірі бар бұқарашыл ұйым еді. Шамалары жеткенше әділетсіздікке ара түсетін. Арқа сүйейтін жоғары, төмен азуы алты қарыс мықты басшылары да болатын. Қара күйені жағып, қанша жерден бұрқылдатып күл шашпақ та болған қарау басшылардың өзі ығатын. Қарсы келген жазықсыздың сазайын беріп, құрдымға құлау үшін, қыңыр жетекшілер, ол ұйымның келісімін алмай бұйрық шығара алмайтын. Келісімін ала алмаса, бармақ тістеп қалатын.
Пікір • 08 Қазан, 2023
Бүгінгідей заманда бабалар жолын рухани құндылықтың алтын арқауынан шығарып алмай, халықтық қалыбымызды сақтап, еліктемей, солықтамай ақылды оздырып, әлемдік үрдіспен ұштастырсақ, ұтылмасымыз хақ. Ұлттық идея да осыдан қанат қақса, кәне!
Руханият • 25 Қыркүйек, 2023
Зерендінің зерегі, құйылып тұрар өлеңі
Қорғанбек Аманжол – алдымен ақын. Ол, көркем мінезді ұстазымыз Зейнолла Қабдолов айтпақшы, поэзия бақшасында сөз өнерін ардың ісі, «Өлең – өмір, өмір – өлең» деп білген жан. «Қос бөлмелі қоржын там, қарағайдан қиылған, Төбесі бар жатаған, Тағдырымдай бұйырған» деп өлеңінде өрнектегендей, сол қоржын тамнан от алып, Отанына танылған Қорғанбек туындылары бүлкілсіз бүтін дүниелер десек, асырып айтқандық емес.
Қоғам • 19 Шілде, 2019
Ғасыр бұрынғы оқулықтардағы ғақлия
«Бұ дүниеден түрлі данышпандар, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақтың арасында да аз болмаған. Өз жұртына жұмыс қылып, еңбегі сіңген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», депті саналы ғұмырын ұлт қызметіне арнаған Алаш арысы Халел Досмұхамедұлы.
Руханият • 01 Шілде, 2019
«Ындыны таза – иманды» депті ұлы ақын. Иә, күн нұрындай шапағаттың сан түрі бар. Шәкәрім шапағаты – иман шапағаты. Оған таяуда ғана қолымызға тиген «Иманым» атты жинағын түп қотара түгел оқығанда көз жеткіздік.
Қоғам • 20 Маусым, 2019
Ұлт тіліне, ұлт руханиятына жақын келетін латын графикасына көшетін уақыт жыл санап жақындап келеді. Әлі уақыт бар ғой деп арқаны кеңге салу кемел істің аясын кеңітпейді. Себебі алға қойған елдік іске ырғалып-жырғалып жүру жараспайды.
Қазақстан • 17 Маусым, 2019
Жаңа Әліпби тіл табиғатын бұзбайды
Ұлт тіліне, ұлт руханиятына жақын келетін латын графикасына көшу жыл санап жақындап келеді. Әлі уақыт бар ғой деп арқаны кеңге салу кемел істің аясын кеңітпейді, қайта тарылтады.
Қоғам • 17 Сәуір, 2019
Бодандықтың қамыты қылқындырып тұрса да тұмылдырығын үзіп ұлт үнін өшіріп алмайық деп әрекет еткен Алаш рухының көш басында тұрғандар «Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр сықылды», деп «Қазақ» газетін 1913 жылы жарыққа шығарған