Руханият • 01 Сәуір, 2021
1 сәуір – Күлкі күні Бір аптадан соң ғана үйге қайту Халқымыздың аяулы перзенттері Қанабек Байсейітов пен Күләш Байсейітова қазақтың бар жақсы қасиетін бойларына жинаған қонақжай, ақ көңіл, дос-жарандарымен соңғы дүниесіне дейін тең бөлісетін ғажайып дарқан жандар еді деседі. Осы кісілердің үйіне бірде «амандасамыз» деп бір топ ақтөбелік өнерпаз жастар қонаққа келіпті. Қанабек пен Күләш жас артистердің алдына дастарқан жайып, тәтті-дәмдінің бәрін қойып, шама-шарқынша құрмет жасайды. Түннің бір уағы болып, өнерпаз жастардың Ақтөбеге қайтатын мезгілі де жақындайды.
Руханият • 20 Наурыз, 2021
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Қоғам • 02 Наурыз, 2021
Руханият • 12 Ақпан, 2021
Бірде «Дұрыс болған екен...» Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов стол басында жұмыс істеп отырған кезде де қасындағы телефонның құлағын көтеріп сөйлесе береді екен.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2020
Бәрін саттық Өткен жылдың басынан бері – «Бала оқытамыз» – деп бие саттық, «Қыз оқытамыз» – деп түйе саттық, «Ішеміз, жейміз, киінеміз» – деп, Келесі жылы сиыр жылы ғой деп – Соңғы сиыр оны да саттық.
Руханият • 11 Желтоқсан, 2020
Дүкендегі қыран-топан күлкі Медицина ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, қазақ жастарына тәрбиелік мәні зор «Қырық сұрақ» кітабын жазған әйгілі ғалым-дәрігер Ишанбай Қарақұлов әзіл мен қалжыңға келгенде алдына жан салмайтын өткір, тілге де шешен кісі болған екен.
Руханият • 24 Қыркүйек, 2020
Әкімнің әләуләйі Түңілме, тірлігіңе түңіл мейлі, Тауысып тағатыңды дүбір жейді, Әкім келе жатыр десе жүгіргендер, Атаң келе жатыр десе жүгірмейді.
Руханият • 31 Шілде, 2020
Бірде... Жазушы Төлен Әбдік бірде көшеде келе жатып ақын Өтежан Нұрғалиевті жолықтырады. Салған беттен Өтежан шабыттана сөйлеп, екеуара мына мазмұнда диалог болыпты: – Төке, менің творчествома белесті өзгеріс енді! – Иә, ол не өзгеріс, айтсаңшы? – Мен соңғы кезде күнделік жазуға кірістім. – Е-е, оның дұрыс екен... – Дәл қазір сіз не айтар екен деп аузыңызды аңдып тұрмын!... ***
Руханият • 04 Мамыр, 2020
Құлқын туралы хикая Жемқор қазақтың өзінен шыққан, Яғни «же» және «қор» деген сөзінен шыққан. «Же» не деген сөз? «Аса», «же» деген сөз. Содан адам жей берген, Жеген сайын жесем дей берген. «Ауру – астан» деген сөзді ұмытқан, Құлқыны жеген сайын құныққан. Артық салмақ, бірақ, Болып шыққан тұзақ. Жүре алмай ұзақ, Мұрттай ұшқан құлап. Ақылынан ауып қалған, Жедел жәрдем шауып барған, Ауруханаға алып барған.