Руханият • 01 Сәуір, 2020
1 сәуір – КҮЛКІ КҮНІ Қайран әліппе!.. Тоқсан жыл оқып-тоқып «Әліппені» – Көзге ыстық, көңілге тоқ әріптері. Тоқсан жыл бар қазақтың ғұламасы, Білімнің кілтін ашып дәріптеді. Аяқтан сол «Әліппе» маталды да, Басына «ақырзаман» тақалды да, Басына телпек емес, қалпақ киіп, Ғайыптан «сауат ашу» аталды ма?! Күнде бір «реформа» бұрқыл қағып, Қалдық-ау «Әліппенің» жұртын бағып. Ғұмыры үш ғасырлық күліп жатыр, Орыстың «Буквары» тырқыл қағып...
Руханият • 21 Наурыз, 2020
Түйенің түйгендері «Түйе байқұс бойына сенемін деп жүріп, жылдан құр қалыпты», деген сөз сонау ықылым заманнан бері айтылып келеді. Енді бірде: «Түйенің танығаны жапырақ» деп мені кемсітеді. Сол айтқыштардың айтуынша, жер бетіндегі мақұлықты тұтас жиып жаңа жылды қарсы аламыз депті, дейді. Түйенің үстіне мына келген жылдың иесі тышқан шығып алып: «Әне, жыл келе жатыр» – деп айқайлапты. «Түйе жарықтық аңқаулығының арқасында жылдан құр қалыпты» деген сөз содан тараған деседі. Сол жиында сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, маймыл, тауық, ит, доңыз атаққа іліккен. Алыстағыны бойы ұзындары бірінші көрсе – жылқы қайда қалған. Қоян, ұлу, жылан жылқыдан қалай бұрын тұр? Сондықтан, мен он екі жылдың тұтас құрамына қарсымын. Мәңгі осы он екісі басқара ма? Мен әрқайсының істеген ісі, қоғамға келтірген пайдасы мен залалы жайлы айтпақпын. Жыл басы Тышекең өзінің тұқымдас жүздеген түрі барын біле ме? Жайнап тұрған бау-бақшаны қазып тастайтын көртышқан атты бауырына күні бүгінге дейін қой деген емес. Мұнысымен қоймай, ішіп отырған адал асыңды аралап кетеді. Тұмау таратады. Қағазды көрсе, жүндей түтеді. Соңғы жылдары тісі қышығаны сонша, пластмасса құмыраны да тесіп тастайтын бопты. Ауыл мен қаладағы егеуқұйрық пен тышқан қиын болып тұр.
Руханият • 06 Наурыз, 2020
Бозымның боздауы Жұмада күні толмаса да айлық бере қалғандағы Бозымның қуанышын көрсең: көзі күлімдеп, өзі үлбіреп, сөзі жарқын-жарқын шығады.
Руханият • 24 Ақпан, 2020
Кешірілер кемшілік «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы кезінде журналист Сауытбек Абдрахманов Сыр бойындағы бір іссапары барысында Шиелідегі «Қазатаомөндірісіне» қарасты №6 кен басқармасына соғады. Жергілікті әкімдер мен кен басқармасының басшылары күтіп, жұмыс жағдайымен таныстырады. Соңынан қорытынды жиын өтеді. Соңынан сөз алған қаламгер өз тұжырымдарын айта келіп: «Негізінен жұмыстарыңыз дұрыс секілді. Дегенмен, бір кемшіліктеріңіз бар екен..» деп басшыларға сынай қарайды. Лауазымды адамның аузынан «кемшілік» деген сөз шыққаннан: «Ойпырмай, қай жағымыздан құдай ұрып қалар екен» деп жергілікті басшылар қыпылықтай бастайды. «Кемшіліктеріңіз сол... руға бөлінеді екенсіздер..» дейді Сауытбек. Басшылардың бірі: «Жоқ, ә, бізде бөлінушілік жоқ», десе, екіншісі мойындағандай: «Қазақ болған соң, ондай-ондай кездесіп қалуы мүмкін...» деп күмілжиді. Шамалы үзіліс жасап алған Сәукең: «Және де оларыңызды әр жерге жазып қояды екенсіздер» деп қадала түседі. «Олай емес десеңіздер, РУ-6, РУ-4, РУ-3» деген жазуы бар көрнекілікті қалай түсінеміз?» дейді күлместен. Осы кезде алдыңғы сөздің зілінен сасқалақтаған басшылар Абдрахмановтың әзілдеп отырғанын енді аңғарғандай жамырай сөйлей жөнелісіпті: «Ойбай-ау, ол мекеменің аты емес пе, РУ-деген «Руда Управление» дегеніміз ғой...
Руханият • 29 Қаңтар, 2020
Руханият • 13 Қаңтар, 2020
Руханият • 08 Қаңтар, 2020
Руханият • 06 Қаңтар, 2020
Руханият • 26 Желтоқсан, 2019
Руханият • 25 Желтоқсан, 2019