Оралхан АХМАДИЯ
Оралхан АХМАДИЯ«Egemen Qazaqstan»
315 материал табылды

Елорда • 15 Қыркүйек, 2022

Ағаш егу – сауапты іс

Елордада күмбез түріндегі «Өмір ағашы» монументі салынып жатқаны белгілі. Тамаша туынды шаһар төсінде жаңадан қазық қаққан Бейбітшілік және келісім саябағында орын тепкен. Еліміздегі түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті бейнелейтін жоба Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі аясында қолға алынған болатын. Кеше съезд делегаттары саябақта 60-тан астам ағаш отырғызды.

Саясат • 13 Қыркүйек, 2022

Түйінді идеялардың жалғасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында айтылған мәселелер қоғам арасында қызу талқылануда. Жолдаудың қай кезде де ел дамуына септігін тигізер маңызды құжатқа айналғаны белгілі.

Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2022

Еңбек ету жауапкершілігі

Елордадағы Достық үйінде «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» РҚБ Орталық кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы кеңінен талқыланды.

Қоғам • 08 Қыркүйек, 2022

Ұлт саулығына төнген қауіп

Ауыл клубындағы мәдени іс-шараларға қатысудан қашатын жастар қаладағы түнгі клубтарды жағалап жүр. Көңіл көтерсін. Өмір зулап өтер шын. Әттеген-айы сол, синтетикалық есірткіге деген құмарлықтың «төркіні» сол жақ. Клубқа есін біліп кірген жасөспірім есірткіге еліктеп, есіріп шығып жатыр.

Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2022

Өрттің шығуы мен шығыны анықталады

«Қостанайдағы өрт ауыздықталды» деп айтып ауыз жиғанша болған жоқ, тілсіз жау Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан аймақтарында ашуына мінді. Сәйкестік пе? Әлде қолдан жасалған қастандық па? Жұртшылықты алаңдатқан бұл сауалдың жауабын кейін арнайы комиссияның өкілдері бермек.

Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022

Волонтерлер белсенді

Қостанайдағы тілсіз жаудан зардап шеккендерге көмек көр­сету және қалпына келтіру жұмыстарында волонтерлер де бел­сенділік танытуда. «Ұлттық волонтерлік желі» бірлестігі және Birgemiz волонтерлер фронт-офисінің мүшелері әдеттегідей маңызды жұмыстардың басы-қасында жүр.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Жалғыздық жарасы

Бір жапырақ қағазға жазылған соңғы сөз. Екі дүниенің арасындағы шешуші сәт. Үш ұйықтаса түсіне кіріп көрмеген мәж­бүр­лі шешім. Төрт құбыласы түгел болмағандықтың салдары. Бес күн жалғандағы ба­қыт­сыздық. Алты банктен алған несие. Жеті жас­тағы ауру баласының жан қина­лы­сы. Сегізінші қабат. Қош бол, өмір...

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Бақташы жоқ, ұрының қарны тоқ

Өңірлерде мал ұрлығы тыйыл­май тұр. Бұрындары өрістен қойымыз келмей қалса, «таңертең бір үйден шығар» деп алаңсыз жүретін едік. Қазір қотыр ешкіні бөтен қорада қал­дыр­маймыз.

Тарих • 06 Қыркүйек, 2022

Түгенделген тарих – ұрпақ үшін

Соңғы уақытта елдігімізге тіл тигізіп, тарихымызға күйе жаққандар пайда бола бастады. Сырттағы жауды қойшы, өз ішімізде де іріткі салып жүргендер жетерлік. Қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалысын мүлдем жоққа шығарып, «Алаш» идеясына күмән келтіргендерге жауап дайын! Тарихи маңызды құжаттарды ешкім жоққа шығара алмас!

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Қостанайлықтарды қолдайды

Мал қайғы емес қазір жан қайғы. Барша отандастар қос­та­най­лықтарды қолдайды. Алғашқылардың бірі болып Amanat партиясының әр өңірдегі өкілдері гуманитарлық көмек ұйым­дастыруды қолға алды. Екі күннің өзінде 807 тонна қажетті заттар жиналып, апат болған аймаққа жөнелтілуде.