Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2020
Шымкентте “Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы” жобалық кеңсесі ашылды
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде "Қарулы Күштері – Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2020
Үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 19 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
"Алматы қаласының құрметті азаматы" атағы кімдерге берілді?
Алматы қаласы күні қарсаңында мәслихаттың LXVII сессиясында бірқатар азаматқа "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 18 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар тіркелген жоқ
Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова елімізде коронавирусты қайта жұқтырғандар тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 18 Қыркүйек, 2020
Онкологиялық науқастар коронавирусқа тегін тест тапсырады
Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрайымы Диляра Қайдарова онкологиялық науқастарға COVID-19-ға ПТР-талдау тегін жасалатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
Қазақстанда онкологиялық науқастарды тексеру хаттамасы өзгерді
Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан онкологиямен ауыратын науқастарды тексеру, ауруханаға жатқызу және емдеу алгоритмдері мен хаттамаларын өзгертуге мәжбүр болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ Басқарма төрайымы Диляра Қайдарова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
"Отандастар қоры" Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен онлайн-форум ұйымдастырды
"Отандастар қоры" Түркияда тұратын этникалық қазақтардың қатысуымен "Қандастар форумы" атты онлайн видеоконференция ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қыркүйек, 2020
Венада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың заманауи тәсілдері талқыланды
Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі Елші Қайрат Сарыбайдың төрағалығымен Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияның (ХСЖҚА) Ассамблеясы Бюросының онлайн форматта кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
Қазақстан мен Израиль денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов Израильдің Денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейнмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
Атырау және Маңғыстау облыстарына пойыздар қайта қатынайды
Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің хаттары негізінде және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 25 қыркүйектен бастап Атырау және Маңғыстау облыстарына жолаушылар пойыздары қатынай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.