Маржан ТІЛЕУБЕК
Маржан ТІЛЕУБЕК«Egemen Qazaqstan»
6695 материал табылды

Қоғам • 15 Тамыз, 2020

Жыл соңына дейін Алматыда ағаштар саны 250 мыңға көбейеді

Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты. Сонымен бірге, брифингке Алматы қаласының Жасыл экономика Басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Абдрешев қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 15 Тамыз, 2020

АТР теннистен биылғы маусымның жаңартылған күнтізбесін жариялады

АТР теннистен 2020 жылғы маусымға арналған жаңартылған жарыс кестесін жариялады. Ерлер арасындағы теннис бәсекесі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұрған болатын, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанды газдандыру туралы айтты

Алдағы қыста жеке тұрғын үйлер газбен жылытылады, деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Елорда • 15 Тамыз, 2020

Елордада сауда орталықтары мен базарлардың жұмысқа дайындығы тексерілді

ШОБ субъектілері 90% жұмысын қайта бастауға дайын, ескертулер бойынша жұмыс жүргізілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қоғам • 15 Тамыз, 2020

Алматы әкімі АМСК қызметінің індеттің жаңа толқынына дайындығын тексерді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев №17-ші қалалық емханада болып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің КВИ індетінің жаңа толқыны жағдайына қалай бейімделетінін тексерді. Бұл туралы Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Қызылордалық полицейлер балалар қауіпсіздігін бақылауда

Қызылордалық полицейлер жазғы демалыс кезіндегі балалар қауіпсіздігін бақылауда, – деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел дені сау баланы дүниеге әкелді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының 21 жастағы тұрғыны коронавирус инфекциясының симптомсыз түрімен дәрігерлер бақылауында болған.  Жетісай аудандық орталық ауруханаға жүктілігіне қарай жағдайы күрт нашарлап  жеткізілген. Дәрігерлер ана мен бала өміріне де қауіп төнгенін айтады. Дер кезінде жасалған шұғыл медициналық көмектің арқасында жүкті әйел салмағы 3,2 келі дені сау ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы  Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтар • 15 Тамыз, 2020

Қызылорда облысының әкімі бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында отандық өнім өндіру және жергілікті тауарөндірушілерді қолдау шаралары мен өндеу салаларының дамуы туралы мәселелер жан-жақты талқыланды. Бұл туралы  Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғам • 15 Тамыз, 2020

Әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтарын бірлесіп пайдалану нұсқаулығы өзгертілді

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 462 бұйрығына өзгерістер әзірленіп енгізілді. Бұл туралы Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.