Аймақтар • 15 Тамыз, 2020
Қызылорда облысының әкімі бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдегі бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында отандық өнім өндіру және жергілікті тауарөндірушілерді қолдау шаралары мен өндеу салаларының дамуы туралы мәселелер жан-жақты талқыланды. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 15 Тамыз, 2020
Әуеайлақтар мен тікұшақ айлақтарын бірлесіп пайдалану нұсқаулығы өзгертілді
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету және басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 19 тамыздағы № 462 бұйрығына өзгерістер әзірленіп енгізілді. Бұл туралы Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Спорт • 15 Тамыз, 2020
Түркияда садақ атудан рейтингілік турнир өтеді
Садақ атудан халықаралық жарыстар тізбегі коронавирус індетіне байланысты наурыз айынан бері тоқтап тұр. Алайда, Халықаралық садақ ату федерациясы рейтингілік турнирлерді жалғастыруды жөн көрген, - деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Елорда • 15 Тамыз, 2020
Алтай Көлгінов білім беру мекемелеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектеп салынады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бұл туралы қала әкімі өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2020
Биыл ХҚО арқылы мың жарым адамға спорттық атақ-дәреже рәсімделді
Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі Спорт күні ретінде белгіленген. Осы мереке қарсаңында «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офистері арқылы қанша спортшы атақ пен санатқа ие болғаны есептеліп, бұл тарапта биылғы жеті ай ішінде 1 544 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2020
Президент: Шәмші шығармашылығы – ұлттың баға жетпес байлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында Шәмші Қалдаяқовтың туындыларын кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың парызы екенін жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 15 Тамыз, 2020
Елорда әкімі азаматтарды онлайн қабылдау өткізді
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды онлайн қабылдау өткізді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 15 Тамыз, 2020
Әлемге танымал бренд Абайға арналған жейделерді шығарды
Ұлы ойшылдың мерейтойына арналған бастамаға сәйкес Абайдың бейнесі бар 4 мың футболка шығарылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Тамыз, 2020
Петропавлда жасырын алкоголь өнімдерін саудалағандар анықталды
Петропавл полицейлері қала орталығында алкоголь өнімдерін жасырын саудалау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Руханият • 15 Тамыз, 2020
Түркістандағы музыкалық мектепке Шәмші Қалдаяқовтың есімі берілді
Түркістан облысы, Отырар ауданы Шəмші Қалдаяқов ауылында Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен сазгердің ұлы Мұхтар Қалдаяқов «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арналған еліміздегі алғашқы музейдің ашылуына қатысты, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.