Спорт • 15 Тамыз, 2020

Мәнерлеп сырғанаудан Japan Open турнирі кейінге шегерілді

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

3 қазан күні мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өтуі тиіс Japan Open турнирі белгісіз мерзімге шегерілді, - деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Мәнерлеп сырғанаудан Japan Open турнирі кейінге шегерілді

Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер Одағының (ISU) ресми сайтында хабарланған. 

Бұған дейін аталған ұйым жасөспірімдер арасындағы Гран-при турнирлерін өткізбейтінін мәлімдеген болатын. 

Ал ересектер арасындағы Гран-при додасы ұлттық турнирлер форматында өтеді.