Руханият • 13 Тамыз, 2020
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 228 нысан салынды
Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру барысы бойынша брифинг өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Түркістан облысында "Nur Otan" партиясына түскен өтініштер 6 есеге артты
Бүгін Түркістанда онлайн форматта "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс ХХХIХ конференциясы өтті. Конференцияға Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен саяси кеңес мүшелері қатысты. Ал аудандар мен қаладағы партия өкілдері жиынға онлайн режимде қосылды. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында 79 жастағы қария коронавирусты жеңіп шықты
Жуалы ауданы Қайрат ауылының 79 жастағы тұрғыны коронавирустан айықты. Бұл туралы Egemen.kz Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 13 Тамыз, 2020
Алматыда екі қонақүй қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналады
RAMS құрылыс компаниясы өзінің екі қонақүйін қауіпті індетті емдейтін ауруханаға айналдырмақшы. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында жазды.
Қоғам • 13 Тамыз, 2020
"Nur Otan" партияішілік сайлау кестесін жариялады
"Nur Otan" партиясында праймериз өткізу бойынша Орталық ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өтті. Жиын барысында партияішілік сайлаудың республикалық күнтізбелік жоспары бекітілді. Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі өз парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Қызылорда облысында күзгі егін жинау науқанына дайындық барысы пысықталды
Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова күзгі егін жинау жұмыстарына дайындық мәселесі бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетовты қабылдады. Қабылдауда сала басшысы қазіргі уақытта облыстағы күзгі егін жинау жұмыстарының барысы мен атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Түркістан облысында "Қамқорлық" бағдарламасы арқылы 34 отбасы баспаналы болды
Түркістан облысында жыл басынан бері "Қамқорлық" кешенді бағдарламасы аясында 1643 отбасы тізімге алынып, оларға көмек берілді. Бұл туралы Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 13 Тамыз, 2020
2,3 миллионнан астам қазақстандық карантин кезінде біржолғы төлем алды
13 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 541 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 320,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 304,2 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 13 Тамыз, 2020
ҚТЖ желісіндегі жазғы жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде
Жазғы жол жөндеу жұмыстарының басталуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде шамамен 300 километр темір жолы жөнделді. Бұл туралы Egemen.kz ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Экономика • 13 Тамыз, 2020
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасына құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
Қатысу үшін uir-astana.kz веб-сайтына құжаттармен қоса өтінім беру керек, - деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.