Оқиға • 23 Қыркүйек, 2020
Пандемия оқу жүйесіне ғана өзгеріс енгізіп қоймай, волонтерлік мәдениетін тағы бір сатыға көтергендей. Өйткені төтенше жағдай жарияланғалы ақ жүрек азаматтарымыздың ізгі істеріне талай мақала арналды. Жаңа оқу жылына «Ұлттық волонтерлік желі» де өздерінше қамданды. Бірі мектепке оралса да, республика оқушыларының жартысынан көбі қашықтан оқып жатқаны белгілі. Осы орайда ұйым аз қамтылған отбасыларға қашықтан оқуға мүмкіндік жасап, компьютерлер сыйлады.
Бағдарламалар • 22 Қыркүйек, 2020
Бес жылдық бағдарлама таныстырылды
Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы таныстырылды. Ұйым басшылары жастар саясатын дамытуға бағытталған жас қазақстандықтар өмірінің негізгі салаларын қамтитын жаңа бағдарлама арқылы азаматтардың өмір сапасы мен қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеп отыр.
Экология • 21 Қыркүйек, 2020
Бүкіләлемдік экологиялық акция
Елордада Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен бүкіләлемдік «World clean up day» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара аясында елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Сенбілікке Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.
Саясат • 21 Қыркүйек, 2020
Жергілікті билік өзге елдерде қалай сайланады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың кезі келгенін, соған сәйкес жаңа тұжырымдама әзірлеу мен жергілікті басшылардың құзыреті мен жауапкершілігін арттырудың қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ Президент алдағы уақытта ауыл әкімдерін тікелей сайлауды ұсынды. Бұл тәжірибе бірқатар шет мемлекетте әлдеқашан қолданысқа енген. Осы орайда аймақ басшыларын халқы сайлайтын мемлекеттердің тәжірибесіне шолу жасап көрген едік.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Қытай үкіметі жеке ақпараттарға, қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп бірқатар мемлекетте тыйым салынған Tik tok қосымшасының АҚШ-пен жұмыс істеуіне қарсылық білдіретінін хабарлады.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Вирус құрсауындағы әлем індеттен құтылар емес. Ол аздай жаһандық экономика құлдырай бастады. Жыл басында басталған коронавирустың екінші толқыны күзге тап келеді деген болжамдар айтылып жүрген-ді. Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымы мен мамандар арнайы мәлімдеме жасамаса да, бірнеше мемлекет инфекциялық аурухана салып, дайындығын бастап кетті. Ал коронавирус жұқтырған науқастар саны әлем бойынша 30 миллионнан асты.
Оқиға • 18 Қыркүйек, 2020
«Өзекті мәселе» – пікірталас алаңы
Елордада «JASTAR: ózekti másele» пікірталас алаңының алғашқы мәжілісі өтіп, сарапшылар Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мен жастар саясатындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020
Жастарды көшбасшылыққа баулиды
Ақтөбе облыстық Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті аймақтағы студенттер мен жастарды көшбасшылыққа баулу, студенттер арасында өзін-өзі басқару топтарын ұйымдастыру мақсатында ProActive академиясының негізін қалаған-ды. Жаңа оқу жылының басталуымен академияның жұмысы да жаңалыққа толы.
Қоғам • 16 Қыркүйек, 2020
Енжарлық елдік мәселеге айналды
Бүгінде еңбек нарығы, оқу жүйесіне қатысты NEET (ағл. Not in Education, Employment or Training) жастар дегенді жиі естіп жүрміз. Оқу мен еңбектенуге құлқы жоқ, азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігі төмен жастардың бұл тобы елдің экономикасын тежеп, халықтың әлеуметтік жағдайына да әсер ететінін түрлі зерттеу институттары мен сарапшылар жарыса жазып жүр.
Саясат • 16 Қыркүйек, 2020
Ынтымақтастыққа ұйытқы болған ұйым
Кеше елорда төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: сын-қатерлер, жетістіктер, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, Ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.