Әлем • 01 Маусым, 2020
SpaceX пен NASA-ның тарихи коллаборациясы
2011 жылдан кейін АҚШ тағы да ғарышқа екі пилоты бар ғарыш кемесін жіберді. Бұл – компанияның алғашқы тәжірибесі. Crew Dragon ғарыш кемесі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 01.22-де әуеге көтерілді.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2020
Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін екі бөлек белгілеу керек
Бұл туралы Филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақова «Egemen Qazaqstan» газетінің ұйымдастыруымен өткен қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ғасыр зұлматы» атты онлайн дөңгелек үстелінде айтты.
Саясат • 27 Мамыр, 2020
Жаңа заңдарға қатысты түсініктеме берілді
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы» және «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру туралы» заңдарына енізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин, Әділет вице-министрі Наталья Пан, Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева қатысты.
Сұхбат • 26 Мамыр, 2020
Кадрлық резерв өткенімді саралап, мақсатымды айқындауға мүмкіндік берді
Президенттің кадрлық резервіне қабылданған 300 жалынды жастың бірі – Ардақ Өтепов. Жақында Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалған ол кадрлық резервке дейінгі жұмысы мен резервке қалай қабылданғаны туралы айтып берген еді.
Білім • 26 Мамыр, 2020
Қазақстанда университеттердің рейтингі әзірленеді
Қазақстан студенттерінің Альянсы еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингілерін жасамақ. Сауалдама республика университеттерінің студенттері, магистранттары, докторанттары және түлектері арасында жүргізіледі.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Жүйеге жаңа серпін береді - Төлеутай Рақымбеков
Кеше Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды. 2019 жылдың желтоқсанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент жария еткен саяси реформаларды әрі қарай дамытудағы, демократия жолындағы іс-шара ретінде осы екі заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттігін жариялаған болатын. Көріп отырғанымыздай, реформалар жүзеге асып, өзгертулер енгізіле бастады.
Қоғам • 26 Мамыр, 2020
Өтініш арқылы шеруге шыға аласыз - сарапшы
Пандемия жағдайы – оның мемлекеттер экономикасына тигізетін теріс әсерін ескерсек, бүгіннің ең өзекті мәселесі – экономиканы әрі қарай дамытуға назар аудара отырып, әлеуметтік-саяси өмірді жаңғырту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процестердің синергиясының маңыздылығын атап өтті. Экономикалық өсудің жаңа сапасына қол жеткізу әлеуметтік-саяси жүйедегі ілгерілеумен қатар жүруі тиіс.
Әлем • 25 Мамыр, 2020
BBC: Гонконг тұрғындары тағы да наразы
Қытай билігіндегі Коммунистік партия Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігіне қатысты екіжақты заңды қабылдады. Гонконгдықтар өз кезегінде мұны қаланың бостандығына соққы деп есептейді.
Әлем • 25 Мамыр, 2020
WSJ: Facebook онлайн режімге көшуі мүмкін
Марк Цукерберг келесі онжылдықта Facebook компаниясын қашықтан жұмыс істеу режіміне көшіретінін мәлімдеді. Бұл шешімін ол жұмысшыларымен өткізген онлайн конференцияда хабарлады. Технологиялық алып өз операцияларын пандемия салдарынан қалыптасқан жаңа құрылымға негіздейтінімен бөлісті.
Әлем • 25 Мамыр, 2020
Al-Jazeera: АҚШ жаңа санкция жариялады
АҚШ бірнеше ирандық шенеунікке адам құқықтарын бұзды деген айыппен санкция жариялады.