Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ
Светлана ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
788 материал табылды

Президент • 14 Ақпан, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаэль Виферспен кездесті

Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында өтетін Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Rhenus SE & Co. KG компаниясының басқарма мүшесі, Rhenus Port Logistics, Rhenus Recycling компанияларының Бас директоры Михаэль Виферспен кездесті.

Президент • 14 Ақпан, 2020

Президент BayWa AG компаниясының төрағасы Клаус Йозеф Лутцпен кездесті

Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында өтетін Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясы қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев BayWa AG компаниясының Басқарма төрағасы Клаус Йозеф Лутцпен кездесті.

Президент • 14 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Германияда бірқатар мәселені талқылайды

Бүгін Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында адамзат қауіпсіздігі мәселелері талқыланатын саяси маңызды шаралардың бірі – Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 56-рет өткізіледі. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария астанасына 2 күндік жұмыс сапарымен келді.

Медицина • 10 Ақпан, 2020

Коронавирусқа ем табылмай тұр

Індет басталмай жатып жаңа вирус қаупі барын хабарлаған қытайлық офтальмолог Ли Вэньлян коронавирустен қайтыс болды. Ухань дәрігерлері әріптестерінің өмірі үшін күрескенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Осымен 600-ден астам адамның өмірін қиған вирусқа ем әлі табылмай отыр.

Саясат • 07 Ақпан, 2020

Кадрлық резервтегілер елорда әкімдігіне қызметке кірісті

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасақталған Президенттің кадрлық резервіндегі жас мамандардың алғашқы легі жаңа қызметтеріне кірісіп үлгерді. Берісі қалалық әкімдікке шақырту алса, әрісі корпорация басшыларының кеңесшілері болып тағайындалды.

Қоғам • 05 Ақпан, 2020

Елорда жастары Волонтер жылына дайын

Кеше елордалық волонтер­лер Жастар сарайында бас қосты. Волонтерлердің алғаш­қы тимбилдингіне – ұжымдасқан іс-шараға мектеп оқушы­ларынан бас­тап, колледж, универ­ситет студенттері қатысты. Жас­тар спорттық жарыс­тарда бақ сына­сып, түрлі ойындар ойнады.

Әлем • 04 Ақпан, 2020

Украина «қара жәшікті» қайтаруды талап етті

Иран үкіметі 8 қаңтарда Тегеран маңында украиналық Boeing 737-8KV ұшағының құлауына жауаптылардың ұстал­ғанын мәлімдеді. Сонымен бірге Иран тарапы апатта қаза тап­қандардың отбасыларының әрқайсысына 80 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы ұсынып отыр.

Әлем • 31 Қаңтар, 2020

Кеселдің кері әсері

Қытайдан шыққан коронавирустан көз жұмғандар саны күн сайын өсіп келеді. Ресми деректерге қарағанда вирустың жаңа түрі 132 адамның өмірін қиған көрінеді. Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай дабылын қағуға ерте деген болатын. Дегенмен үлкен компаниялар мен мемлекеттер өз алдына әрекет етіп, шаралар қабылдауда.

Қоғам • 30 Қаңтар, 2020

Университет жастары Волонтер жылына дайын

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ENU Volunteers атты салтанатты іс-шара өтті. 

Әлем • 28 Қаңтар, 2020

Ауғанстанда ұшақ құлады

Ауғанстан астанасы Кабулдан мемлекеттің солтүстік-батысындағы Герат қаласына бағыт алған ұшақ Газни провинциясы маңында құлады. Лайнер бортында 83 жолаушы болған. Тірі қалғандар туралы ақпарат әзірге жоқ.