Президент Қ.Тоқаев бұл сапарында германиялық инвесторлармен кездесу негізгі мақсаттарының бірі екенін айта келе, қиындықтарға қарамастан ел экономикасы тұрақты екенін жеткізді. «Алайда шетелдік инвесторларды тарту жоспарда бар. Өткен ресми сапарымда канцлер Ангела Меркель, ГФР президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен инвестиция, серікестік туралы сөйлескен болатынбыз. Біз де өз кезегімізде шетелдік инвесорларға жағдай жасауға дайынбыз», деді Мемлекет басшысы.
Одан кейін Президент қазақстандық делегацияны таныстырып өтті. Делагация құрамында Вице-премьер Роман Скляр, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Германиядағы елшісі бар.
Михаэль Виферс Прездиентпен кездескеніне қуанышты екенін айта келе, өз компаниясын таныстырып өтті. Оның айтуынша, компанияның жылдық ақша айналымы шамамен 50 млрд еуроны құрайды.
Rethmann Group компаниялар тобына қарасты транспорттық-экспедиторлық Rhenus SE & Co. KG компаниясы теңіз, темір жол, авто және әуе тасымалдарымен, сонымен бірге қоймалар құрылысындағы инновациялық идеяларға инвестиция құюмен айналысады.
Rhenus Logistics-тің Вильнюс (Литва), Франкфурт (Германия), Киев (Украина), Мәскеу және Мәскеу облысында (Ресей) қоймалары бар.
1971 жылы негізі қаланған компанияның бас офисі Хольцвиккед қаласында орналасқан. Компанияның жылдық кірісі 5,1 млрд еуроға тең, 31 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.
Германиялық компания елімізде Rhenus Logistics ЖШС деген атпен тіркелген. Қазақстан аумағы мен ТМД елдеріне тасымалмен айналысады.
2020 жылдың 28 қаңтарында Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Remondis International GmbH, Rhenus Logistics компанияларының басшылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында компания жетекшілері Қазақстан аумағында темір жол не автокөлік контейнер терминалының құрылысына немесе дайын жобаға инвестиция беруге әзір екенін жеткізген болатын.
Мюнхен, Германия