Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Алматы облысында "Нұрлы жер" арқылы 2800 отбасы баспаналы болады
Алматы облысында биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша 2843 отбасы үйлі болады, соның 725-і - көп балалы отбасы. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат сессиясында депутаттар алдында есеп берген облыс әкімі Амандық Баталов айтты, - Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Жеке кәсіпкерден үш текше метр сексеуіл тәркіленді
Алматы облысында жеке кәсіпкер 18 жылдан бері сексеуіл сатумен айналысып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Петропавл қаласының полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктен ақша ұрлады деген күдікпен Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиға Жұмабаев көшесіндегі ауланың бірінде болып, полицияға Lexus маркалы жол талғамайтын көліктің бүйір жақ терезесі сынып, салоннан 200 мың теңгеден астам ақша, банк карталары, құжаттар салынған қол сөмке қолды болғаны туралы хабар түскен.
Әлем • 21 Қазан, 2020
Британдық инвесторлар Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруда
Нұр-Cұлтан мен Лондонда қатар бейнеконференция форматында ұйымдастырылған «Kazakhstan Global Investment Forum 2020» қазақстандық-британдық инвестициялық форумы аясында жаңа инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Нұр-Сұлтанның карантин стационары екі мыңдай әуе жолаушысын қабылдады
ПТР тестісіз халықаралық рейстермен елордаға келген қазақстандықтар карантин стационарына жіберіледі (бұрынғы Рамада Плаза ғимараты), олар коронавирус инфекциясына тексеріледі. Бүгінгі таңда мекеме 2000-ға жуық әуе жолаушысын қабылдады. Үш жолаушыдан тестілеудің оң нәтижесі анықталды.
Әлем • 21 Қазан, 2020
Қазақстан мен Иран арасындағы консультациялардың тоғызыншы отырысы өтті
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында консулдық консультациялардың тоғызыншы отырысы бейне конференция арқылы өтті.
Әлем • 21 Қазан, 2020
Киевте қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды
Бұл туралы "Отандастар қорының" баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Қазақстандықтар 23 млн теңгеге "Салық әмиянын" толтырды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеу процессі одан да жеңілдеп, бұрын талап етілген төлем құжаттары азайтылды деп хабарлайды. Бұл "eSalyq" мобильді қосымшасындағы "Салық әмияны" қызметінің арқасында мүмкін болды, оны «App Store» және «Play Market» - тен жүктеуге болады.
Тағайындау • 21 Қазан, 2020
Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен Рафхат Бисенов агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Есірткі сататын 72 сайт бұғатталды
Маңғыстаудағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.