Аймақтар • 27 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады
Көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Үйде көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада жұмыс істейді
Қазақстанда COVID-19 шалдыққандарға үйде көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада жұмыс істейді. Өңірлерде медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету үшін 3 399 мобильді бригада құрылды, олардың 1 693-і ауылдарда қызмет етеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Қазақстандағы стационарларда дәрі-дәрмектің айлық қоры құрылды
Стационарларда COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектің айлық қоры бар. Сонымен қатар, тағы 3 айға резерв құру мақсатында отандық өндірушілерден де, импорттаушылардан да медициналық препараттарды сатып алу процедуралары қатар жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
"Tamasha TV" телеарнасы жұмысын тоқтатады
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамына кіретін "Tamasha TV" телеарнасы бүгіннен бастап хабар таратуын тоқтатады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 27 Шілде, 2020
Жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады
Пандемия кезінде көптеген медициналық ұйым CОVID-19 қарсы күреске қатысты. Халыққа жоспарлы және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету уақытша тоқтатылды. Тамыз айынан бастап республикалық клиникалардан бастап жоспарлы медициналық көмек көрсету кезең-кезеңмен қайта басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Спорт • 24 Шілде, 2020
Теннисші Елена Рыбакина Прагада өтетін додаға қатысады
10-16 тамыз күндері Прагада әйелдер теннисінен халықаралық додаға қатысатын спортшылар тізімін шығарды. Аталған жарысқа қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Қазақстан мен Эстония денсаулық сақтау саласын цифрландырудың рөлін талқылады
23 шілдеде Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі Эстонияның денсаулық сақтау саласын цифрлық дамытуын ұйымдастырушыларының, медициналық компаниялардың, IT саласының өкілдерінің және ҚР Эстониядағы Елшісі Н.Сейтімовтің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Оспановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры Б.Есенбаевтың және құзыреттілік орталығының басшысы Е.Макулбековтің қатысуымен бейнеконференция ұйымдастырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 24 Шілде, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі.
Қазақстан • 24 Шілде, 2020
Қазақстанда демалыс күндері қандай ауа райы болмақ?
"Қазгидромет" РМК 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 24 Шілде, 2020
4 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған ұры ұсталды
Петропавлда полицей төрт миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған ұрыны “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.