Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Министр Кіші Аралдағы экологияның жақсарғанын айтты
Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапары кезінде Қызылорда облысына барып, өңір басшысы Гүлшара Əбдіхалықовамен бірге Кіші Аралдағы дамбаны тексеріп шықты. Бұл туралы министр Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2020
Қазақстан халқының саны бойынша соңғы деректер белгілі болды
2020 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 18690,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10991,5 мың (58,8%), ауылдықтар –7698,7 мың адамды (41,2%) құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2020
Елжан Біртанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясына қатысады
18-19 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы өтеді, оған Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Елжан Біртанов қатысады. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Маска тағып жүру режимін қатаң сақтау керек - Сәуле Қисықова
Елорда тұрғындары маска тағып жүру режимін қатаң сақтауы керек. Бұл Covid-19 тарату тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2020
Украинаның ұлттық мұнай-газ компаниясының геологиялық барлауын қазақстандық азамат басқарады
Санжар Жәркешов «Нафтогаз Украина» ҰАК (Head of Upstream Exploration and Development) Кенорындарын барлау және игеру бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2020
Төтенше жағдай кезінде iKomek 365 мың өтінімге қызмет көрсетті
ТЖ кезінде тұрғындардан түсетін өтініш-шағымның саны шарықтау шегіне жетіп, тәулігіне 30 мыңға дейін жетті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2020
2,9 миллионнан астам адам 42 500 теңге төлемін екінші рет алды
Ағымдағы жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша 2,9 млн-нан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Коронавирус • 14 Мамыр, 2020
Қазақстанда тағы 55 адам коронавирустан емделіп шықты
Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Қазақстан Қарулы Күштері: алғашқы ПТР-зертханасы іске қосылды
COVID-19 ғана емес, сонымен қатар басқа да инфекциялардың түрлерін анықтауға мүмкіндік беретін Қазақстан Қарулы Күштерінің алғашқы ПТР-зертханасы пайдалануға берілуге дайын. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 14 Мамыр, 2020
Үш айда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 101,2% құрды
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-сәуірде 2019 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 101,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.