Поэзия • 08 Мамыр, 2023
Әлемдік поэзияның даму өрісін бақылап, бажайлап қарасақ, әлсін-әлсін шабан тартқандай. Былтыр ғана Германияда болған сапарымызда айтулы кітап дүкенінен поэзия жинақтарын таба алмай сарсаңға түскеніміз бар. Дегенмен қораз шақырмаса да таң ата беретіні секілді, жаһанның әр тұсынан жаңашыл ақындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай бой көрсетуде.
Егемен Қазақстан • 24 Сәуір, 2023
«Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында әзербайжан ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалымен кездесу өтті. Кешке егемендіктермен бірге өнер жанашыры, кәсіпкер Иылмаз Окуклу, режиссер Селим Иухай қатысты.
Елорда • 23 Сәуір, 2023
Елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалының «Тұранның бір түп жусаны» атты кітабының тұсауы кесілді. Іс-шараға Түркия елінің азаматы, өнер жанашыры Иылмаз Окуклы, Селим Иухай қатысты. Жыр мерекесіне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы келіп, ақжарма лебізін білдірді.
Тұлға • 23 Сәуір, 2023
Әкбар Гошалы: «Тұранның әлемге күн секілді көтерілер сәті келеді...»
Түбі бір түркі халықтарының тұтас ел болу жолындағы еңбек – ерен де қастерлі іс. Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалы мырза – тұтас түркі миллеті үшін еңбек сіңіріп жүрген аздың бірі. Соқпағы бөлек, әуезі көркем сөз иесін әңгімеге тартқан едік.
Қоғам • 23 Сәуір, 2023
Кітапсүйер қауымның ықыласына бөленіп, елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында белгілі қаламгер Баянғали Әлімжановтың «400 тәтті тақпақ» атты балаларға арналған жаңа жинағының тұсауы кесілді.
Әдебиет • 17 Сәуір, 2023
«Ұлттық поэзияның шыңы – Құлагер» деген ақын ағамыз. Іштен тындық. Ол тұста ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айырыр жаста емес едік. Көзге дүлей көрініп, алапат сезілетін Еуропа ақындары, шетел жазушылары-тын. Әйтсе де, «Құлагерді» оқып шыққанбыз. Ұлттық поэзия ұғымы санаға ізденіс тәжірбиесімен нығырлап бекімеген соң, әрі сөз қуатын қузап түсінер желігі тайпалған ақыл болмағасын «жақсы екен» десіп қойғанбыз.
Әдебиет • 10 Сәуір, 2023
Қайбір ұлы ақындардың жеке төлқұжатына айналған тақырыптары бар. Петрарканың Лаурасы орта ғасырда туып, бүгінге дейін Еуропа поэзиясының мінберінен түскен емес. Шығыстық символикалық ұғымдармен астасқан Ләйлә тақырыбы болса, бір мысқал құндылығын жоғалтқан жоқ. Ал Жұматай ақынның Ләйләсі... Бұл Шығыс ақындары сарынына ұқсамайды. Бұл нағыз ұлттық қынаптан шыққан, қазақы қоңыр қайнардың бірегей туындысы.
Поэзия • 06 Сәуір, 2023
Шығыс ақындарына үңілсек, жүрек культін алға шығарады. Жүрек ішінде дүниені шарлап, махаббатқа құлаш ұрады. Руми атақты өлеңінде бүй дейді.
Қоғам • 02 Сәуір, 2023
Дәстүрлі дініміз бен діліміз – ұлт ұстыны. Иманы берік, салты мығым халықтың рухы биік. Ислам өркен жайған шақтан-ақ бабаларымыз асыл дінімізді ұлттық таным-түсінігімізбен біте қайнастырып, халқымызға ар жолын ұғындырған болатын. Ясауи, Мәшһүр, Абай, Шәкәрім даналығы сөзімізге дәлел, пікірімізге тұздық.
Әдебиет • 30 Наурыз, 2023
Кеңес үкіметі кезінде «өнімді поэзия» ұраны белең алып, томдар саны артты. Саннан сапа өсе ме? Меніңше, жоқ. Формалық сапа өсуі мүмкін, бірақ мазмұндық сапы өркендемейді. Бұған кеңестік, кейбір еуропалық ақындар шығармашылығы дәлел. Ал хакім Абай бір ғылымнан басқаның бәрін кесел деп тауып, ізденуге бас қойыпты. Тәңірден келген тамаша қуатты ғана өлең етіп қағазға құйыпты. Сондықтан ба екен, «бір өлеңі – бір елдің мұрасындай».