Егемен Қазақстан • 24 Сәуір, 2023

Жылы жүздесу

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Egemen Qazaqstan» газеті редакциясында әзербайжан ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әкбар Гошалымен кездесу өтті. Кешке егемендіктермен бірге өнер жанашыры, кәсіпкер Иылмаз Окуклу, режиссер Селим Иухай қатысты.

Жылы жүздесу

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

Кездесу барысында сөз алған «Egemen Qazaqstan» газе­ті басқарма төраға­сының бірінші орынбасары Владимир Курятов қонақтарға қош кел­діңіздер айтып, айрықша сәлемін жолдады. Сонымен бірге бас­қар­ма төрағасының орынбасары Әскер Пириев екі ел арасындағы туыстық бай­ла­нысқа тоқталып, қаны да, жа­ны да бір ел екенімізді баян етті.

Ал өз кезегінде «Egemen Qazaqstan» газеті бас ре­дак­торының орынбасары Талғат Батырхан:

–Бірнеше жыл бұрын белгілі жазушы Анар Рзаевтан сұхбат алып, газетімізге жа­рия­лаған болатынбыз. Сонда Анар мырза «Түркі дүние­сіндегі «Манас» пен «Көр­ұғ­лыдан» артық әлемде жыр жоқ» деп айтқан болатын. Шынында, ортақ қазанымызда қайнаған іргелі туындылар жетерлік,–деп ақжарма лебізін білдірді.

Кеште белгілі күйші Қайрат Айтбаев Тәттімбеттің «Сарыжайлауы» мен Сүгірдің «Шалқымасын» шалқыта орын­дады. Сонымен бірге әлеумет бөлімінің тілшісі Бақытбек Қадыр Екбер Го­ша­лының қазақ тілінде жа­рық көрген «Тұранның бір түп жусаны» атты жыр жи­нағы­ның негізінде баяндама жасады. Онда ақын шығар­ма­шы­лы­ғы­ндағы өзекті дүниелерге тоқталып, Мағжан поэзиясымен үндестігін ерекше атап өтті. Жиында ақын өлеңдері оқылып, жас ақын Абзал Мақаш «Алаш маршы» әнін орындап, келген қонақтардың рухын көтерді.

Кездесу соңында бауырлас елдердің ыстық ықыласындай, қонақ­тар газет редакциясына алғыс білдіріп, сый-тарал­ғы­сын ұсынды.