Қоғам • 02 Сәуір, 2023

Оқырманға жол тартты

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәстүрлі дініміз бен діліміз – ұлт ұстыны. Иманы берік, салты мығым халықтың рухы биік. Ислам өркен жайған шақтан-ақ бабаларымыз асыл дінімізді ұлттық таным-түсінігімізбен біте қайнастырып, халқымызға ар жолын ұғындырған болатын. Ясауи, Мәшһүр, Абай, Шәкәрім даналығы сөзімізге дәлел, пікірімізге тұздық.

Оқырманға жол тартты

Бүгінгі таңда ислам ғылымы жан-жақты өрістеп, осы бағытта білікті ғалымдарымыз бой көр­сетіп келеді. Солардың бірі – Қа­зақстан журналистер ода­ғының мүшесі Нарбай Тағайұлы. Жа­қында ғалымның «Тақуалыққа бастар жол», «Құрандағы қия­мет пен қыялдағы қиямет» сынды қос кітабы көзі қарақты оқырманға жол тартты. Автор кітапта ислам дінін ұлттық ауыз әдебиетіміз, елдік таным арқылы түсіндіріп, мағынасын ашуға ұмтылады. Ұлтымыздың рухани саулығы үшін діни білім нәрі бағалы құндылық екені баяндалады.

– Адам­дарға қайыр жасау деген – елге қайыр жасағандық. Бұл еліміздің кемін толтыру, азын кө­бейту, кү­шін арттыру, жаманын жақ­сарту. Бізге ең қажеті – тілдегі емес, жү­ректегі шы­найы иман­дылық, – дейді ол.