
Білім • 14 Маусым, 2024
Қазақстанда әлі күнге дейін үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер бар. Дәл осы мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Жоба бойынша 2025 жылдың соңына дейін 401 жайлы мектеп салынып, пайдалануға берілуге тиіс. Бұған бюджеттен тиесілі қаражат, дәлірек айтқанда, 2,6 трлн теңге қарастырылған. Жобаның жүргізілу барысы қалай? Орын тапшылығы шынымен толық жойыла ма? «Жайлы мектеп» қай тілде оқытады? Жауап іздеп көрдік.
Білім • 25 Мамыр, 2024
Бүгін елімізде соңғы қоңырау соғылады. Жалпы, осы 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтайды. Соның 186 мыңы алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады. Бір қуаныштысы, көбейіп келеміз. Өйткені былтыр оқу жылын 3,7 млн бала, мектепті 172 мың оқушы бітірген еді.
Білім • 18 Мамыр, 2024
Оқу жылы қалай қорытындыланды?
Оқу жылы қашан аяқталады? Қорытынды емтихандар қай кезде болады? Қанша бала жазғы демалыс орындарымен қамтылады? Енді оқу орнынан қағаз нұсқадағы анықтаманың қажет болмайтыны рас па? Бұл сұрақтарға Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында жауап берілді.
Білім • 01 Мамыр, 2024
Cу тасқыны: университеттер де шет қалмады
Қазіргідей қысылтаяң шақта елдің бар назары су басқан өңірлерге ауып тұр. Материалдық, моральдық тұрғыда көмек беруге жүрегі бар жанның бәрі әзір. Сондай жанашырлық пен азаматтықты еліміздегі жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттерінің де нақты әрі нәтижелі әрекетінен байқадық.
Тәрбие • 23 Сәуір, 2024
Ащы да болса шындық, балаларды телефон тәрбиелеп жатыр. Балалардың не қалайтыны, нені қызықтайтынынан бастап, қай сұрақтың жауабын таппай жүргенін, қандай мәселе мазалайтынына дейін – бәрін ата-анадан гөрі қолындағы смартфоны, соның ішіндегі «гугл» бастаған, түрлі қосымшасы қостаған «достары» көбірек білетін сияқты. Баланың санасында не болып жатқанынан хабардармыз ба?
Сұхбат • 19 Сәуір, 2024
Ахметқал Медеу: Табиғи апаттың себебі мен салдарын зерттеуге дайынбыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында ғылымның әлеуетін табиғи апаттарды болжауда барынша пайдалану маңызды екенін атап өтті. Осы орайда біз География және су қауіпсіздігі институтының басшысы, география ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ахметқал Медеу мырзамен әңгімелескен едік.
Президент • 15 Сәуір, 2024
Ғылымды ойлаған мемлекет – мықты мемлекет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті. Президент аталған кеңестің отырысында отандық ғылымның өзекті мәселелері мен түйткілдер түйінін тарқату жолдары жөнінде баяндады. Жиынға Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің мүшелері, Үкімет басшысы Олжас Бектенов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және басқа да жауапты тұлғалар қатысты.
Сұхбат • 12 Сәуір, 2024
Камиль АҚАТОВ: Инвесторлар ғылымға 9,7 млрд теңге бөлді
Ел экономикасының діңгегі әрі тірегі – ғылым. Ал ғылымды дамыту осы саланы қаржыландыру мәселесіне тікелей тәуелді. Елімізде отандық ғалымдардың ғылыми нәтижелерін, жобаларын, зерттеулерін қаржыландыру, сондай-ақ оған кәсіпкерлік тараптан инвестиция тарту мәселелерімен Ғылым қоры айналысады. Осы жұмыстардың барысы, қордың «аяқ алысы» қалай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алу үшін «Ғылым қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Камиль Ақатовпен әңгімелескен едік.
Білім • 10 Сәуір, 2024
Еліміздің көп жерін су басып жатқаны белгілі. Сол су тасқыны себебінен төтенше жағдай жарияланған өңірлерде білім беру үдерісі қалай жүргізіліп жатыр? «Төтенше тоқсанға» тап келген педагогтерді қолдау, олардың еңбекақысын есептеу мәселесі қалай болмақ? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Білім • 04 Сәуір, 2024
«Серпін» бағдарламасы әлеуметтік жоба ретінде 2014 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл – студент жастарды әлеуметтік қолдау және еліміздегі оқу көші-қонын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген бағдарлама. Бағдарламаның қазіргі «аяқ алысы», жұмыс барысы қандай? Қай университеттерде жоба сәтті жүзеге асырылып жатыр? Жобаның игілігін көргендер бар ма, олар не дейді? Тақырыпты тарқатып, шолу жасап көрдік.