Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3254 материал табылды

Спорт • 14 Сәуір, 2021

Грек-рим күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары

Грек-рим күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнгі жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 13 Сәуір, 2021

Сұлтан Әсетұлы Азия чемпионы атанды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан құрамасы үш жүлдеге иелік етті.

Күрес • 13 Сәуір, 2021

Еркін күрестен ел намысын кімдер қорғайды?

Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның еркін күрес шеберлері қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокс • 13 Сәуір, 2021

Бокстан жастардың әлем біріншілігі басталды

Бүгін Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбіреді. Айтулы додада Қазақстанның былғары қолғап шеберлері төмендегідей құрамда өнер көрсетеді:

Спорт • 13 Сәуір, 2021

Сұлтан Әсетұлы мен Әлімхан Сыздықов Азия чемпионатының финалына шықты

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарысты грек-рим күресі шеберлері бастады. 

Күрес • 13 Сәуір, 2021

Бар-жоғы үш жолдама бұйырды

Өткен аптаның соңында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында күрес түрлерінен Олимпия ойындарының лицензиялық турнирі аяқталды. Айтулы жарыста сары құрлықтың 25 мемлекетінен келген балуандар өзара күш сынасып, 36 жолдаманы сарапқа салды. Яғни финалға шыққан балуандардың барлығы да Токиода күш сынасу құрметіне бөленді. Алатау баурайында өнер көрсеткендер қатарында Олимпиада мен әлем чемпионаттарында жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтар да болды.

Бокс • 13 Сәуір, 2021

Екі алпауыттың айқасы

ХХ ғасырдың екінші жартысында КСРО мен АҚШ боксшылары арасында матчтық кездесулер үздіксіз өтіп тұрғанын көзі қарақты көрермендер ұмыта қойған жоқ. Нақты деректерге сүйенсек, 1969-1990 жылдар аралығында осындай жарыстың жалауы 57 мәрте желбіреген екен. Оның арасында ресми де, бейресми де бәсекелер бар. Жарыс бірде Америкада өтсе, енді бірде Кеңес Одағы аумағындағы бірқатар қалада ұйымдастырылды. Айтулы матчтық кездесуге деген жанкүйерлердің қызығушылығы өте жоғары болды.

Спорт • 12 Сәуір, 2021

Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі биылғы жылдың 21-31 мамыр аралығында Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 12 Сәуір, 2021

Бәсеке кейінге шегерілді

17 сәуірде Германияның Карлсруэ қаласында өтетін бокс кешінде қазақтың қайсар ұлы Айдос Ербосынұлы өнер көрсетуге тиіс еді. Алайда коронавирус дертіне шалдығуына байланысты қандасымыз бұл жарысқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 12 Сәуір, 2021

«Ғарышқа апарар жол»

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында  тікелей эфирде Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің қолдауымен ғарыштық білім беру бо­йынша «Ғарышқа апарар жол» тақырыбында халықаралық форум өтті.