Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3348 материал табылды

Спорт • 04 Қараша, 2020

Велоспорт: Александр Власов 24-орында қалып қойды

Біздің велошабандоздар арасында ең үздік көрсеткішке Александр Власов қол жеткізді. Ол 24-орынды қанағат тұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 04 Қараша, 2020

Ағайынды Кличколар бізге бөтен емес

Кәсіпқой рингте ұзақ жылдар атой салып, көптеген атақ-даңққа қол жеткізген ағайынды Виталий мен Владимир Кличколардың есімдері қалың көрерменге жақсы таныс. Екеуі де кезінде небір дүлейлерді сұлатып салып, аса ауыр салмақта ең белді нұсқалар бойынша әлем чемпионы деген мәртебелі атаққа қол жеткізді. Ең бастысы, олар бізге бөтен емес. Кезінде бұл отбасы Қазақстанда тұрып, кеңпейіл қазақ халқымен аралас-құралас болды, тонның ішкі бауындай етене араласты. Кейіннен өздерінің тарихи отаны – Украинаға қоныс аудардарса да, бізбен байланысын еш үзген жоқ. Ара-тұра Алаш топырағына табан тіреп тұрды. Сол кездері бал дәурен балалық шақтарын қимас сезіммен еске алып, қонақжай халқымызға ақ алғыстарын жаудырғанына көпшілік куә.

Спорт • 30 Қазан, 2020

Аргентинаның алтын баласы

Бүгін – Диего Армандо Марадонаның туған күні. Теңбіл доптың теңдессіз шебері, көптеген атақ-даңқтың иегері, есімі футбол королі Пелемен қатар аталатын азамат 60 жасқа толып отыр. Ұзақ жылдар бойы жасыл алаңда жасындай жарқылдап, барша жанкүйерді асқан шеберлігімен тәнті еткен Аргентинаның ерке ұлы жайында біз не білеміз? Бүгінгі мақаламызда Марадонаның жүріп өткен жолы мен оның спорттық карьерасы жайында біраз қызықты мәліметті жариялауды жөн көріп отырмыз.      

Бокс • 29 Қазан, 2020

Әлемге әйгілі Әли

1960 жылдың 29 қазанында АҚШ-тың Кентукки штатына қарасты Луисвилл қаласындағы «Фридом-холл Стейт Фэйрграунд» аренасында Кассиус Клей кәсіпқой рингтегі өзінің тұсаукесер кездесуін өткізген еді. Міне, сол кездесуге бүгін тура 60 жыл толып отыр. Ал алты раундтық бәсекеде ол отандасы Танни Хансейкерді ұпай санымен ұтқан болатын. Осы жекпе-жекке қазылық еткен төрешілердің барлығы да 18 жасар жас дарынның мерейі үстем болғанын бірауыздан мойындады. Кейіннен Ислам дінін қабылдап, аты-жөнін Мұхаммед Әли деп өзгерткен боксшының кәсіпқой рингтегі даңқты жолы осылай басталған еді...

Теннис • 28 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанда турнир өтуде

Бұл күндері Нұр-Сұлтанда АТР турнирі өтуде. Бірқатар танымал теннисшінің басын қосқан айтулы жарыста қазақстандықтар да өнер көрсетуде.

Спорт • 28 Қазан, 2020

Балуандар Жанашырда жаттығады

Грек-рим күресінен Қазақстанның ұлттық құрама командасы кезекті оқу-жаттығу жиынын Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жанашыр ауылында өткізеді.

Спорт • 28 Қазан, 2020

Париж Олимпиадасына – 120 жыл!

Бүгін Парижде өткен екінші жазғы Олимпия ойындарының аяқталғанына тура 120 жыл толып отыр.

Спорт • 27 Қазан, 2020

Әлемдік додадағы алғашқы қадамымыз

Осыдан дәл 20 жыл бұрын, яғни 2000 жылдың қоңыр күзінде футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатында бақ сынады. Жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 16 команда төрт-төрттен төрт топқа бөлініп, екі аптадан аса уақыт бойы Гватемала төрінде жарыс көрігін қыздырды. Жерлестерміз Бразилия, Португалия және алаң иелерімен бірге «А» тобында өнер көрсетті.

Спорт • 26 Қазан, 2020

Будапештен қоржынымыз бос қайтты

Мажарстанның бас шаһары – Будапеште дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Ерлер арасындағы сайыста Ресей құрамасына тең келер команда табылмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 26 Қазан, 2020

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді

20 қарашада Алматыда отандық "Nev Names" және "Дарын" промоутерлік компанияларының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокстан халықаралық турнир өтті.