Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Теннис • 20 Қыркүйек, 2023

Жастарға сенім артты

Теннистен Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин жазғы Азиа­да­да өнер көрсететін ойыншы­лардың есімдерін атады.

Күрес • 20 Қыркүйек, 2023

Балуандар іріктелді

Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарында Қазақстанның балуандары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.

Футбол • 19 Қыркүйек, 2023

Елімізде ең көп жалақы алған футболшылар

Отандық «Дядя Ваня» деп аталатын телеграмм-арна Қазақстан чемпиона­тының тарихында ең көп жалақы алған футболшылардың тізімін жариялады.

Спорт • 19 Қыркүйек, 2023

Ризабекке ел риза

Қазақстанның әр өңірінде еркін күрестің үйірмелері бар. Сол жерлерден жыл сайын жүздеген түлек түлеп ұшады. Бірақ осы күнге дейін спорттың осы түрінен біздің елден бірде-бір әлем чемпионы шықпаған еді. Бұл жағдай жергілікті жанкүйерлердің көңіліне селкеу түсірді. Сол олқылықтың орны кеше толды. Сербияның астанасы – Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан барлық қарсыласын қоғадай жапырып, төрткүл дүниенің теңдессіз балуаны деп танылды.

Хоккей • 19 Қыркүйек, 2023

«Барыстың» жарқын жеңісі

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) биылғы маусымын сәтсіз бастап, қата­рынан бес бәсекеде ұтылған Аста­наның «Барысы» соңғы екі ойында өз көрермендерін қуантты.

Спорт • 19 Қыркүйек, 2023

«Испания Вуэльтасы» аяқталды

Велоспорттан «Испания Вуэльтасы» аяқталды. Ең соңғы 21-кезең 72 жыл­дық тарихы бар әйгілі Ла-Сарсуэла ипподромынан бастау алып, Мадрид қаласында өз мәресіне жетті.

Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023

GGG үздіктер тізімінде жоқ

Танымал vRINGe.com сайты кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Өкінішке қарай, үздіктер тізімінде Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.

Кәсіпқой бокс • 19 Қыркүйек, 2023

Жекпе-жекке шақырды

Ұлыбританияның танымал кәсіпқой боксшысы Крис Юбенк еліміздің мақтанышы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. Әлеуметтік желі арқылы ол GGG-ге «Мен Генамен бұрыннан бері жұдырықтасқым келіп жүрген. Бірақ реті бір келмеді. Енді біздің бетпе-бет келуімізге еш кедергі жоқ деп ойлаймын. Егер Головкин қаржылық жағдайын жақсартқысы келсе, менімен күш сынассын. Сонда ол материалдық тұрғыдан үлде мен бүлдеге оранады» деген жазба қалдырды.

Спорт • 19 Қыркүйек, 2023

Дзюдошылар додаға дайын

Санаулы күндерден кейін Қытайдың Ханчжоу қала­сында алауы тұта­натын XIX жазғы Азия ойындарында Қазақстанның дзю­дошылары қандай құ­рамда өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл жолы 14 жер­лесіміз жарыс көрігін қыздырады.

Теннис • 19 Қыркүйек, 2023

Болгариядан басым түстік

Болгарияның бас шаһары – Софияда өткен Дэвис кубогінің плей-офф са­йысын­да Қазақстанның теннисшілері Болгария құрамасын 3:1 есебімен ұтып, 2024 жылдың ақпан айында өтетін іріктеу турнирінің финалында күш сынасу құрметіне ие болды.