
Күрес түрлерінен Иордания астанасы – Амманда Азия чемпионатының жалауы желбіреді. Бұл жарыста Қазақстан мынадай құрамда өнер көрсетіп жатыр:
Грек-рим күресі: 55 кг – Ербол Камалиев, 60 кг – Бақытжан Қабдыл, 63 кг – Сұлтан Әсетұлы, 67 кг – Мейіржан Шермаханбет, 72 кг – Әділхан Сатаев, 77 кг - Ибрагим Магомадов, 82 кг – Омар Сатаев, 87 кг - Шәміл Ожаев, 97 кг - Ілияс Гучигов және 130 кг – Әлімхан Сыздықов.
Еркін күрес: 57 кг – Рахат Қалжан, 61 кг – Балғабай Мұхамед, 65 кг – Нұрсұлтан Садық, 70 кг – Начын Куулар, 74 кг – Нұрқожа Қайпанов, 79 кг – Дәулет Ергеш, 86 кг – Болат Сақаев, 92 кг – Азамат Дәулетбеков, 97 кг – Ризабек Айтмұхан және 125 келі – Нұрсұлтан Азов.
Әйелдер күресі: 50 кг - Светлана Анкичева, 53 кг – Зейнеп Баянова, 55 кг – Зүльфия Яхъярова, 57 кг – Нилуфар Раимова, 59 кг – Гүлдана Бекеш, 62 кг – Тыныс Дубек, 65 кг – Гауһар Мұқатай, 68 кг – Ирина Казюлина, 72 кг –Жәмилә Бақбергенова және 76 келі – Елмира Сыздықова.
Швейцарияның Энгвадин қаласында фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Аталған жарыста Қазақ елі намысын Шерзод Хаширбаев, Ұланбәкір Өмірзақов, Дінмұхаммед Райымқұлов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас сынды спортшылар қорғайды.
Шайбалы хоккейден ҚХД-дың Гагарин кубогі жолындағы жарысы басталды. Астананың «Барысы» бұл бәсекеден тыс қалғанымен, Қазақстан ұлттық құрамасының 5 бірдей ойыншысы түрлі клубтар сапында өнер көрсетеді. Олар – Валерий Орехов пен Никита Михайлис («Металлург»), Леонид Метальников пен Аркадий Шестаков («Адмирал») және Дмитрий Бреус («Торпедо»).
30 наурыз бен 6 сәуір аралығында бокстан Бразилияда халықаралық турнир өтеді. Аталған жарыста Қазақстанның туы астында Нұрзат Оңғарұлы (50 кг), Нұрсұлтан Алтынбек (55 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Алмат Әбдуәлі (65 кг), Дархан Дүйсебай (70 кг), Диас Молжігітов (80 кг), Дәулет Төлемісов (85 кг) және Даниял Сапарбай (90 кг) сынды былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді.