Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
3429 материал табылды

Футбол • 31 Қазан, 2023

Элиталық сатыға көтерілді

«Қайрат» футзал клубы Чемпиондар лигасының негізгі сатысында сынға тү­сіп, элиталық кезеңге жолдама алды.

Хоккей • 30 Қазан, 2023

«Торпедоның» бағы жанған күн

29 қазан күні «Барыс» өз мұзайдынында Нижний Новгородтың командасы «Торпедоны» қабылдап, 1:2 есебімен есе жіберді. Кездесу Қарағанды облысында қаза болған шахтерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.

Спорт • 30 Қазан, 2023

Әлемнің күміс жүлдегері

Грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Исхар Курбаев (55 кг) күміс жүлдегер атанды.

Теннис • 30 Қазан, 2023

Алғашқы матчында жеңіліс тапты

Мексикада жалауы желбіреген WTA қорытынды турнирінде әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды.

Сұхбат • 11 Қазан, 2023

Айсара КЕРІМБЕКОВА: Қарсыластарым мені «Маугли» дейтін

Өткен ғасырдың 80-90-жылдары Айсара Керімбекованың даңқы дүркіреп тұрды. Алматы облысының Кеген ауданындағы Ақтасты ауылының тумасы самбодан әлем чемпионатының екі дүркін (1988, 1992) күміс жүлдегері, КСРО кубогінің (1989) күміс жүлдегері, КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (1991), Азия чемпионы (1992), Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (1994, 1995) атанып, басқа да ірі халықаралық додаларда жеңіс тұғырына көтерілді. Ең бастысы, Керімбекова күрес өнеріндегі қазақ қыздарының көшін бастады.

Спорт • 04 Қазан, 2023

Даралана алмаған дүбірлі дода

Қытайдың Ханчжоу қа­ла­сында өтіп жатқан жаз­ғы Азия ойын­дарын Қа­зақстанның дзюдошылары бес жүлдемен қо­ры­тындылады. Тарқатып айт­сақ, 1 күміс пен 4 қо­ла­ға қол жет­кізіп, жалпы есеп­те 10-орынды қа­на­ғат тұт­тық. Соңғы күні аралас командалық са­йыс­тар өтті. Өкінішке қа­рай, бай­­рақты бәсекеде жер­лестеріміз үздіктер санатына қосыла алмады.

Күрес • 03 Қазан, 2023

Балуандар бабында ма?

Белградтағы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Біріккен күрес әлемі (UWW) өз рейтингін қайта жаңартты. Сербияның астанасында атой салған саңлақтар үздіктер тізімінде бірнеше сатыға жоғарылап, жалпы есептегі жағдайларын жақсартса, сәтсіз өнер көрсеткен немесе жарысқа мүлдем қатыспаған ­балуандар, керсінше төмен қарай құлдилады. Ал біздер үшін ең қуанышты жағдай – ТОП-10-дықтың қатарында Қазақстанның 10 өрені бар.

Спорт • 28 Қыркүйек, 2023

Сербияда сенім ақталды ма?

Сербия астанасы – Белградта күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін осы жарыста көргеніміз бен көңілге түйгенімізді қағаз бетіне түсіруді жөн көрдік. Аталған додада келесі жылы Парижде алауы тұтанатын ХХХІІІ жазғы Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынғандықтан, барлық мемлекет өздерінің мықты балуандарын аламанға қосты. Солардың қатарында Олимпиада мен әлем чемпио­наттарында жеңіс тұғыры­на көтерілген спортшылар да болды.

Күрес • 26 Қыркүйек, 2023

«Классиктер» медальсыз қалды

Күрес түрлерінен Сербияда өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Бұл жарыста Қазақстанның грек-рим күресі шеберлері өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Қарт құрлыққа сапар шеккен тоғыз жерлесіміздің бірде-біреуінің жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетпеді. Өзге елдің өрендері түрлі-түсті медальдың сан түрін олжалап жатқан кезде, біздің балуандар жанарларымен жер шұқып тұрды.

Күрес • 24 Қыркүйек, 2023

Жігіттерімізге жігер жетіспеді

Еркін күрес шеберлері Сербияда өткен әлем чемпионатын қорытын­дылағаннан кейін бозкілемге бұрым­дылар шықты. Өкінішке қарай, 10 жерлесіміздің сегізі алғашқы айналымдардан аса алмады. Олардың қалай жеңілгенін біз бұған дейін де егжей-тегжейлі баяндағанбыз. Соңғы үмітіміз – Жәмила Бақбергенова мен Елена Шалыгина еді. Талай дүбірл­і дүрмекте ысылған сол сақа спорт­шыларға үлкен үміт арттық.