
Қазіргі кезде жерлестеріміз Астанада соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Бұл жиынға 40 хоккейші шақырылды. Солардың арасынан озық деп танылғандары Мажарстанға аттанады. Әлемдік дода біздің жастар Аустрия, Дания, Мажарстан, Словения және Украинамен күш сынасады.
Астанадағы жиынға қатысып жатқан хоккейшілердің толық тізімі мынадай:
Қақпашылар – Тәңірхан Алпысбаев («Элиталық хоккей академиясы», АҚШ), Никита Кулаков, Арсений Кучковский, Данил Лыткин, Дмитрий Ряшин (барлығы - «Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Кливленд Баронс», АҚШ).
Қорғаушылар – Темірлан Айболұлы («Шарлот Раш», АҚШ), Ильхан Болатов (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Раты Дурглишвили, Санжар Ибрагим, Алдияр Калелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мұқашев, Матвей Решетько, Никита Сидоренко, Даниил Толстунов, Руслан Түсіпбеков (барлығы - «Барыс»), Святослав Евплов («Армия СКА», Ресей), Төрехан Сәрсенбай (Оңтүстік Кент мектебі, АҚШ), Арман Төлен (Атлантикалық жағалау академиясы, АҚШ).
Шабуылшылар – Ерлан Ахмутинов («Кливленд Баронс», АҚШ), Әнуар Ахметжанов («Окмур Патриотс» академиясы, АҚШ), Әмір Алпкарин («Сикост Спартанс», АҚШ), Нар-Ұлан Байкен (Ұлттық «Black Bear» академиясы, АҚШ), Алихан Бақыт, Таир Бигаринов, Данил Дронов, Аристарх Киреев, Егор Кравченко, Хаким Кубатаев, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Сәркенов, Александр Симахин, Тамерлан Тілеубаев, Леонид Шәкенов (барлығы - «Барыс»), Әділхан Беккереев (Атлантикалық жағалау академиясы, АҚШ), Дамир Бритиков («Петров академиясы», Ресей), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен), Бексұлтан Мақыш (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Матвей Умеренков («Сарыарқа»).