Ғалым СҮЛЕЙМЕН
Ғалым СҮЛЕЙМЕН«Egemen Qazaqstan»
149 материал табылды

Кәсіпқой бокс • 20 Қараша, 2023

Мейірімнің мерейі үстем

Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте бірқатар мемлекет өкілдерінің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті. Аталған жарысты тамашалау үшін көптеген атақты спортшылар келді. Солардың қатарында кезінде аса ауыр салмақта әлемнің абсолютті чемпионы атанған даңқты Майк Тайсон мен Эвандер Холифилд те болды.

Бокс • 15 Қараша, 2023

Сәпиевтің соққысы

Бүгін – Лондон Олимпиадасы мен Азия ойындарының жеңімпазы, Вэл Баркер кубогінің иегері, әлем мен құрлықтың екі дүркін чемпионы, дүниежүзілік доданың күміс және қола жүлдегері Серік Сәпиевтің туған күні. Атақ-даңқы алысқа тараған әйгілі боксшы 16 қарашада 40 жасқа толды.

Футбол • 14 Қараша, 2023

Асхат пен Бахтиер қатыспайды

Футболдан «Еуро-2024» додасының іріктеу турнирі аясында Сан-Марино және Словениямен өтетін ойындарға Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зай­нутдинов қатыспайтын болды.

Спорт • 14 Қараша, 2023

Лас-Вегаста кімдер айқасады?

Желтоқсанның 16-сынан 17-сіне қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC 296 турнирі өте­тіні белгілі. Сол жарыс­та Шавқат Рах­монов америкалық Стивен Томп­сон­мен айқасады.

Спорт • 14 Қараша, 2023

Токиода татамиге шығады

2-3 желтоқсан күндері Жапо­ния астанасы – Токиода дзюдодан Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпай берілетін Grand Slam турнирінің жалауы желбірейді.

Теннис • 13 Қараша, 2023

Олжаға кенелген ойыншылар

Танымал Metaratings.ru сайт­ы биылғы маусымда WTA сана­­тын­дағы жарыстарда өнер көр­сетіп, ең көп табыс тапқан теннис­шілердің рейтингін жариялады. Үздіктер тізімінде Польшаның мақтанышы Ига Свентек көш бастап тұр.

Теннис • 13 Қараша, 2023

Жартылай финалға да жетпедік

Бұл күндері Испанияның Севилья қаласында теннистен әйелдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогі өтіп жатыр. Жүлде қоры 9,6 млн долларды құраған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы В тобының фавориті саналғанымен олар ел сенімін ақтай алмады.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Жетпісбаев жүлдесі үшін белдесті

Талдықорғандағы «Жастар» спорт кешенінде дзюдодан атақты балуан, білікті бапкер Берік Жетпісбаевтың жүлдесі үшін республикалық турнир өз мәресіне жетті. Оған еліміздің бірқатар өңірінен келген 550-ден аса балғын балуандар қатысты. Жарысты тамашалауға келгендер арасынан Саят Құдайбергенов, Ержан Кенжебаев, Руслан Сымтықов, Қайрат Күнсафин, Нұрбол Сүлейменов, Ұлан Рысқұл, Мейіржан Қашағанов, Ерлан Тәжіков, Ерлан Сіләмбаев, Батыр Имашев, Дастан Сәдуақасов, Марат Таханов, Айдос Валиев, Бекарыс Сәдуақас сынды танымал жаттықтырушылар мен спортшыларды көзіміз шалды.

Спорт • 13 Қараша, 2023

Арайлымның алтыны

Самбодан Арменияның бас шаһары Ереванда өткен әлем чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрама командасының қоржыны тағы екі жүлдемен толықты. Анықтап айтсақ, Арайлым Әбенова алтыннан алқа тағып, Әлібек Зекенов қола медальді мойнына ілді.

Футбол • 13 Қараша, 2023

Кімге сенім артылды?

Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев «Еуро-2024» додасының іріктеу турнирінің алдағы матчтарында мына ойыншыларға сенім артатынын жария етті.