Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
369 материал табылды

Еңбек • 13 Қыркүйек, 2023

Еңбек озаттары марапатталады

Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында былтыр «Қоғамда еңбек құн­дылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспарын» бекіткен еді. Сонымен бірге Үкімет қаулысымен елімізде қыр­күйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланды. Бүгінгі таң­да даталы күнді атап өтуге байланысты тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.

Жастар • 12 Қыркүйек, 2023

«Біз жанбасақ лапылдап...»

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы жақсы бастаманың жаршысына айналып келеді. Бұл жоба «Жас кәсіпкермен сұхбат» деп аталады. Аталған іс-шарада орталық мамандары грант немесе несие алып, жеке кәсібін дөңгелеткен жас іскер азаматтармен сұхбат құрады. Оны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялап, кең жұртқа насихаттайды.

Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2023

Жалған сусын жасаушылар ұсталды

Қаржылық бақылау агенттігінің баспасөз қызметі хабар­лаған­дай, аталған агенттік­тің Шым­­кент қаласы бойынша департаменті үшін­ші мегаполисте танымал энергетикалық сусынды жасырын түр­де шығарған цехты анықтаған. Департамент бизнес құқық­тарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары аясында заң бұзушылықтың жолын кесті.

Әскер • 11 Қыркүйек, 2023

Әскерге шақырудың жаңа жүйесі

Енді күзгі әскерге шақыру үшін әскери міндетті жастарға SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл туралы Шымкент қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев ҰҚК Шекара қызметі бөліміне әскерге шақырылушылардың бірінші командасын салтанатты түрде жіберу рәсімінде хабарлады.

Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2023

Отбасы құндылығы – ұлттық тәрбиеде

«Отан – отбасынан басталады». Қо­ғам­ның тірегі де – отбасы. «Ұя­да не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, бала тәрбиесінде отбасының рөлі үлкен. Жас ұрпақ тәрбиесінде мектепте көп нәрсе береді. Бірақ бәрібір орны бөлек. Сондықтан мемлекеттік саясат отбасы құндылығын дәріптеуге бағытталған. Қазақстанның ең үлкен байлығы – адам капиталы. Әрбір азамат – жеке тұлға. Осы тұрғыдан қарасақ, мұндай қасиетке адам отбасылық тәрбие арқылы да ие болады. Биыл Жол­дауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индус­трия, креативті ойлай білетін адамдардың бастамаларын қолдау туралы айтты.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2023

Студенттер игілігіне – заманауи жатақхана

Еліміздің үшінші мегаполисінде жылдан-жылға студент жастардың саны артып келеді. Осыған байланысты жатақхана тапшылығын шешу өзекті мәселелердің біріне айналған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына Жолдауында аталған мәселеге айрықша тоқталып өткен еді. «Келесі маңызды мәселе – студенттерді жатақ­ханамен қамтамасыз ету. Бұл түйткілді шешу үшін жоғары оқу орындарымен және құрылыс компанияларымен мемлекет-жекеменшік серіктестік орнату тәсілін барынша енгізу керек» деген болатын Президент.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2023

Оқу ғимаратының тұсаукесері

Білім күні қарсаңында Шымкенттегі Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысты.

Аймақтар • 31 Тамыз, 2023

Салтанатты мереке

30 тамыз – Конституция күні мере­кесіне орай Шым­­­кенттегі «Түркіс­тан» са­райында салтанатты кеш өтті. Мерекелік жиын елі­міздің Ән­ұ­ра­нымен бас­талып, Ту көтеру рәсімі­мен жалғасты. Сап түзеген сар­баз­дар жауынгерлік тәртіппен көк бай­рағы­мызды сахна төріне алып шықты. Шымкент қа­ласының әкімі Мұрат Әйтенов салтанатты бас­қосу­ға жиналған барша мегаполис тұр­ғындарын елі­міздің айту­лы мереке­сі­мен шын жүректен құт­тық­тап, ізгі тілегін жолдады.

Театр • 31 Тамыз, 2023

Қуыршаққа жан бітірген

Өңірдегі балаларға арналған бірден-бір мемлекеттік жалғыз өнер ордасы – Қуыршақ театрының құрылғанына биыл 40 жыл! Көрермен көзайымы болған театрда отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымы сахналанған. Қазіргі репертуарда 60-қа жуық қойылым бар.

Білім • 29 Тамыз, 2023

ІТ жүйенің тиімділігі жоғары

Шымкенттегі білім саласы қызметкерлері­нің Тамыз кеңесіне Оқу-ағар­ту вице-ми­нистрі Айбат Ілия­сов қа­тыс­ты. Іс-шара ба­рысын­да арнайы көрме ұйым­дастырылды. Онда цифрлық техноло­гия­­лар бойынша тәрбие­лену­шілер, яғни шығар­машылық үйірме қаты­сушыларының жұмыстары қойылып, қонақтарға таныстырылды. Сонымен қатар әртүрлі цифрлық білім беру платформалары келушілер назарына ұсынылды.