Қазақстан • 11 Шілде, 2021
Биыл еліміздің өзге өңірлері сияқты, Жамбыл облысында да шөп бағасы шарықтап, мал азығының қымбатшылығы қос бүйірден қысып тұр. Сонымен қатар шөптің тапшылығы да көптеген шаруашылықтың негізгі мәселесіне айналып отыр. Шынында да бүгінде аймақта мал азығы қымбат әрі тапшы. Дегенмен бұл мәселені шешу үшін тиісті жұмыстар да атқарылуда.
Аймақтар • 09 Шілде, 2021
Жамбылдық су шаруашылығы саласының қызметкерлері марапатталды
Бүгін су шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Жамбыл облыстық филиалында жиын өтті. Кездесуге өңірдегі су шаруашылығы саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың құттықтауын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Шілде, 2021
Жамбыл облысында жүзге жақындаған әже вакцина салдырды
Жамбыл облысының Шу ауданына қарасты Жаңа жол ауылының 96 жастағы тұрғыны Ифрат Халяпова коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2021
Сарысу ауданында мал азығы жеткілікті
Биыл Жамбыл өңірінде мал азығының қымбатшылығы әрі тапшылығы күрделі мәселеге айналып отыр. Алайда, аталған мәселе бойынша бүгінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде Сарысу ауданында төрт түліктің саны артып, нәтижесінде өңір тұрғындарының да әлеуеті де көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Маусым, 2021
Президенттің көмекшісі Жамбыл өңірінің кәсіпкерлерімен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев Жамбыл облысына арнайы келіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге өңірлік кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2021
Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын жобалар
Жамбыл облысының әкімдігі мен Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау минстрлігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде «Әлеуметтік кәсіпкерлік: қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында халықаралық форум өтті. Аталған жиынға онлайн режімінде АҚШ, Ресей, Үндістан, Израиль және ТМД елдерінің өкілдерімен қатар, өңір кәсіпкерлері де қатысты. Қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Аймақтар • 22 Маусым, 2021
Жамбыл облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Әкім кездесуде өңірдің 2021 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асу барысына тоқталды. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы және Үкіметтің қолдауымен өңірде негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізіліп отырғанын да айтты.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Шу өңірінің қариялары Түркістанға саяхат жасады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шу ауданында тұратын 20 қарияны Түркістан облысына саяхатқа жіберу қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2021
Әлемді өзгерту – жастардың міндеті
Қазіргі кезде қоғамда жастарға қатысты мәселе көп. Жастардың ой-санасы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыру, өмірге көзқарасын айқындау да – маңызды міндеттің бірі. Осы орайда Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әлеуметтік маңызы бар экологиялық жобаларды қолдау мақсатында ÁLEMDI ÓZGERT атты үздік жобалар байқауы өтті.
Аймақтар • 18 Маусым, 2021
Биыл Т.Рысқұлов ауданында 10 ауылға газ, 3 ауылға су кіреді
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов брифинг беріп, биыл 10 ауыл газданып, 3 ауылға су толық тартылатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.