Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020
Қауіпті індет қайта өрши бастады
Жаһанды жайлаған коронавирус індетінен сақтану әуелі әрбір адамның жеке жауапкершілігіне байланысты. Бұл орайда, дәрігерлердің жүгі ауыр. Соңғы кезде Жамбыл облысында коронавирус індетінің үдей түскені байқалуда. Әсіресе, облыс орталығы Тараз қаласында және Шу, Қордай, Меркі аудандарында қауіпті індеттің өршігені анықталды.
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020
Жамбыл өңірінде көрсеткіштер қандай деңгейде?
Қазіргі кезде мемлекет қазынасынан өңірлерге тиісті қаражат бөлінуде. Алайда атқарылған жұмыс бөлінген ақшаның көлеміне сай болуы керек. Ал бұл көрсеткіш Жамбыл облысында қай деңгейде? Жуырда Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы бірқатар басшылардың идеологиялық салада атқарылған жұмыстарының есебін тыңдады.
Экономика • 20 Желтоқсан, 2020
Жамбыл облысы негізінен ауыл шаруашылығы саласына қолайлы аймақ болғандықтан, мұнда асыраушы саланы алға бастыратын бастамалар көп. Олар мемлекет қолдауының нәтижесінде жыл сайын өркен жайып, өрістеп келеді. Мәселен, Мойынқұм ауданында орналасқан «Агрофирма Түрікпен» ЖШС бұл күнде асыл тұқымды мал бағып, санын көбейтумен айналысуда.
Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2020
Жамбылда Тәуелсіздік күніне орай бірқатар нысандар ашылды
Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Тараз қаласындағы «Қарасу» ықшамауданында Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №3 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.
Ауыл • 15 Желтоқсан, 2020
Бурыл ауылында бағалайтын бастама көп
Бүгінде елімізде қалыптасқан бейбітшілік пен татулық ауылдықтар үшін де айтарлықтай маңызға ие. Бұл күнде Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округінде 18 ұлттың өкілі тату-тәтті тіршілік кешуде. Бірлігі жарасқан бурылдықтар да қазіргі кезде туған ауылын көркейтуге күш салуда. Негізінен ауылдағы тұрғындардың басым бөлігін қазақ және түрік ұлтының өкілдері құрайды. Жалпы, округте 13 мың 340 халық тұрады.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2020
Жамбылдық еңбек адамдары марапатталды
Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында салтанатты жиын өтті. Ел егемендігіне арналған жиынға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, жамбылдықтарды айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бергі Әулиеата өңірінің жетістігі мен дамуы туралы деректі фильм көрсетілді. Сондай-ақ, жиын барысында бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Аймақтар • 13 Желтоқсан, 2020
Жамбыл өңірінде көрсеткіштер қандай деңгейде?
Қазіргі кезде мемлекет қазынасынан өңірлерге тиісті қаражат бөлініп отыр. Алайда, атқарылған жұмыс бөлінген ақшаның көлеміне сай болуы керек. Ал, бұл көрсеткіш Жамбыл облысында қай деңгейде? Жуырда Ш.Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы бірқатар басшылардың идеологиялық салада атқарылған жұмыстарының есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2020
Жамбыл ауданында 8 ауыл интернетпен қамтылды
Бүгінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданында интернет мәселесі оң шешімін тауып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 11 Желтоқсан, 2020
Жамбыл облысында Қордай оқиғасы бойынша сот процесі жүргізілуде
Осы жылдың ақпан айында Жамбыл облысының Қордай ауданында қақтығыс орын алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 09 Желтоқсан, 2020
Мәселе шешуге арналған орталық
Бұл күнде тұрғындарды толғандыратын мәселе көп. Көпшіліктің бірінші кезекте қайырылатын жері де әуелі жергілікті билік. Сол үшін халықтың талап-тілегіне уақытында жауап беру, арыздары бойынша тиісті шешім қабылдау да әкімдіктің құзырындағы шаруа.