Аймақтар • 13 Тамыз, 2020
Әулиеаталықтар асарлатып үй салуда
Ежелден елдік мұратты, ұлттық құндылықты ерекше дәріптеген халқымызда ғасырлар бойы кісіліктің көркем үлгілері қалыптасқан. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.
Саясат • 12 Тамыз, 2020
Жамбылдан сенатор болып Бекболат Орынбеков сайланды
Бүгін елімізде Парламент Сенатына депутат сайлау науқаны өтті. Сайлаудың алдын ала қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Жамбыл мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз өкілдеріне онлайн брифинг берді. Әкім өз сөзінде өңірдегі 22 білім беру мекемелерінің құрылысына 10,1 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Олардың қатарында 15 мектеп, 6 қосымша құрылыс және 1 оқушылар сарайы бар, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Қасқабұлақтағы қақтығыс: кінәлілер анықталып, тергеу жүргізілуде
Соңғы уақытта Жамбыл облысында орын алған Қордай қақтығысы қоғамда қызу пікір қалыптастырды. Өзара келіспеушіліктен туған ерегестің соңы жаппай төбелеске ұласып, оған тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласты. Президент пәрменімен нақты тапсырмалар беріліп, тиісті шаралар қабылданып, қақтығыс дер кезінде тоқтатылған болатын. Жуырда Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында да бұзақылық әрекет орын алып, абырой болғанда бұл да уақытында ауыздықталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2020
Кәсіпкерлер көпшілікке көмек көрсетуде
Бүгінде елімізде дүниені дүрліктірген коронавирус індетімен күресудің тиімді тәсілдері қолға алынуда. Сонымен қатар, жергілікті ауруханаларға және жалпы халыққа тиісті деңгейде көмек көрсетілуде.
Қоғам • 11 Тамыз, 2020
Өңірдің өрт сөндіру әлеуеті әлсіз
Жуырда Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында ірі табиғи өрт оқиғасы орын алған болатын. Оқиға аудан орталығы Мойынқұм ауылынан 180 шақырым қашықтықта болып, тілсіз жаудың салдарынан құрғақ шөп пен сексеуіл жанған. Айтып келмейтін апатты ауыздықтауға өңірдегі тиісті мекемелерден адам күші, техника түгел жұмылдырылған.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолының құрылысы қашан аяқталады?
Жамбыл облысының аумағында орналасқан Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолының жайы талай жылдан бері шешілмей келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Халықаралық "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автожолының бойында орналасқан Меркі ауданынан соң, ары қарай Шу ауданына баратын тозған жол тұрғындардың титығына әбден тиген. Жолаушылар Шуға қарай небәрі 100 шақырым жолды екі-үш сағат жүруге мәжбүр. Аталған мәселе талай рет тұрғындар тарапынан облыс басшылығының алдына да қойылды. Бірақ одан еш нәтиже болған жоқ. Талай жылдан бері түйіні тарқамай келе жатқан мәселе жуырда қолға алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында ауруханалар қалыпты жұмысқа көшуде
Соңғы жағдайлар бойынша Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 3889 дерегі тіркелген. Оның ішінде 1693 адамнан коронавирус белгілері анықталса, 2196 жағдай симптомсыз болған, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Әулиеата жерінде Абай күні аталып өтті
Биыл қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақынның мерейтойын атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Сондай-ақ Президент "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында "Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты", деген еді. Ал, жуырда ғана Мемлекет тарапынан 10 тамыз – еліміз бойынша Абай күні болып белгіленді.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2020
Жамбыл облысында шешімін күткен мәселе көп
Жамбыл өңірінің бірқатар тұрғыны бейнеконференция режімінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қабылдауында болып, өңірдегі инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік нысандарды жөндеу және ауылдарды абаттандыру мәселелерін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz