Саясат • 12 Тамыз, 2020

Жамбылдан сенатор болып Бекболат Орынбеков сайланды

790 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елімізде Парламент Сенатына депутат сайлау науқаны өтті. Сайлаудың алдын ала қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбылдан сенатор болып Бекболат Орынбеков сайланды

Сенат депутаттығынан үміткерлерге жергілікті мәслихат депутаттары дауыс берді. Жамбыл облысынан осы уақытқа дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Бекболат Орынбеков 92,09 пайыз дауыспен Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің хабарлауынша, Сенат депутаттығынан үміткер Бекболат Орынбеков 163 дауыс, Оксана Борисюк 14 дауыс алған.


Бекболат Орынбеков 1957 жылы Жамбыл облысында туған. Әр жылдары Талас ауданы, Қаратау қаласының әкімі, Сарысу ауданының әкімі, Тараз қаласының әкімі және Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.