Руханият • 15 Шілде, 2020
Тірлігінде туралықты ту етіп, тағдырын тауқыметке байласа да туған халқының жоғын жоқтап өткен Шерхан Мұртаза есімі қазақ үшін әрдайым қастерлі. Ғұмыр бойы елінің ерен қасиетімен қоса, өзінің туған топырағы Мыңбұлақтың мың сан қырлы құпиясын шығармашылығына арқау еткен абыз тұлға. Ал сонау күрделі кезеңде ұлттың басына түскен нәубеттің шындығын жоғалтпай жеткізген жазушы сол арқылы жазықсыз жапа шеккен талай тағдырдың рухына ескерткіш орнатып кетті.
Аймақтар • 15 Шілде, 2020
Әулиеаталықтарға көмек қолын созды
Әлемді шарпыған коронавирус індетінің алдын алу мақсатында елімізде жұмыс істейтін бірқатар түрік инвесторы гуманитарлық көмек көрсетті.
Аймақтар • 14 Шілде, 2020
Әулиеаталық Еңбек Ері елге көмек беруде
Бүгінгідей күрделі кезеңде еліміздің қайырымды азаматтары көпшілікке қолдан келген көмегін көрсетіп, оларға қолдау білдіруде.
Саясат • 14 Шілде, 2020
Бүгінде Жамбыл аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің жергілікті полиция инспекторы болып қызмет атқаратын полиция аға лейтенанты Ержан Сексенбаев ішкі істер саласында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Әуелі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде қызмет еткен. Бала күнінен құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан Ержан осыдан бес жыл бұрын ішкі істер органдарына қызмет ауыстырады.
Медицина • 14 Шілде, 2020
Дәрі жетіспеушілігінен дерт асқынады
Шынында да, соңғы уақытта қауіпті індеттің қарқыны күшейіп, көпшіліктің көңілін күпті етуде. Онсыз да үміт пен үрейдің құшағында отырған ел күн сайын қаралы хабар естіп, қабырғасы қайысуда. Онымен қоймай, күн санап коронавирус індетімен ауырғандар саны да артуда. Жамбыл облысының өзінде атышулы індетті жұқтырғандар саны бұл күнде 1671 адамға жетіп отыр. Қауіпті аурудың күрт өсуіне байланысты өңірде қайтадан карантин шаралары енгізілді. Жергілікті билік хал-қадерінше қауіпті індетпен күресуде шаралар қабылдағанымен, бірқатар мәселе әлі де сол күрмеулі күйінде қалып отыр.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Жамбыл облысына қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткізілді
Бүгін Жамбыл облысына коронавирус пен пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің үлкен партиясы жеткізілді. Осы арқылы өңірде дәрі тапшылығы мәселесі шешілуде.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Таразда 10 дәріхана дәрі бағасын негізсіз көтерген
Бүгінде Жамбыл өңірінде дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Науқастарға қажетті дәрілердің тапшылығына орай, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сан рет жиын да өткізген болатын. Бұл орайда, Тараз қаласында арнайы мобильдік топ құрылып, оның мүшелері мен қала әкімі Айтқазы Қарабалаев қалада тіркелген 68 дәріхананы аралады. Аталған нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағаны бақылау, бағаны негізсіз көтермеу мәселесі жайын да ескертті.
Аймақтар • 13 Шілде, 2020
Тараз қаласына ыстық су қашан беріледі?
Жаз мезгілі келе салысымен Тараз қаласында ыстық судың мәселесі туындайды. Яғни, көшелердегі жерасты су құбырларының жөнделуіне байланысты облыс орталығындағы ыстық су да өшеді. Жыл сайын не ол жөнделіп те бітпейді. Әрбір жыл сайын қайталанатын жағдай осы. Өткен жылы Асқар Мырзахметов Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарып жүргенде енді Таразда ыстық судың өшпейтінін айтқан болатын. Бірақ өңірде жағдай өзгеріп, басшылық ауысқан соң бұл мәселе "баяғы жартас, сол жартас" күйінде қалды. Биыл да Тараз қаласында ыстық су өшкен соң әлеуметтік желілер арқылы тұрғындар жергілікті билікке өз наразылығын білдірген еді.
Аймақтар • 08 Шілде, 2020
Жамбылда коронавируспен күресте тиісті жұмыстар жүргізілуде
Әлемді әбігерге салып отырған коронавирус індетімен ауырғандар санының өсуі Жамбыл облысында да байқалуда. Бүгінгі таңда өңірде қауіпті індетті жұқтырғандар саны 1866 адамға жетіп отыр. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында облыс бойынша 5 шілдеден бастап қатаң шектеу шаралары енгізілді. Өңірде қоғамдық көліктің, жабық базарлар мен азық-түлік және азық-түлік емес дүкендердің, қоғамдық тамақтану және басқа да кәсіпкерлік нысандардың жұмысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Шілде, 2020
Елорда күніне орай жамбылдық дәрігерлер марапатталды
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Елорда күніне орай бейнебайланыс режимінде өңірдегі медицина қызметкерлерімен кездесті. Жиында Бердібек Сапарбаев сала мамандарына коронавирус індетімен күрес кезіндегі адал және қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, Астана күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz