Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Таразда 4000-ға жуық медициналық маска тегін таратылып жатыр
Коронавирус індетінің алдын алуға байланысты Тараз қалалық әкімдігінің бастамасымен 4000-ға жуық медициналық маска тігіліп, олар көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін таратылды. Бұл ретте қалалық бірқатар мекеме мен қала тұрғындары да жалғызбасты қарттарға азық-түлік жеткізіп берсе, кейбір азаматтар тұрғындарға медициналық маскалар мен залалсыздандыруға арналған түрлі құралдарды тегін таратып, көмек қолын созуда.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Тараздықтардың қоғамдық көлік жұмысына көңілі толмайды
Тараз қаласының тұрғындары үшін қоғамдық көлік әлі де өзекті мәселелердің бірі. Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысына әкім болып келген сәтте қоғамдық көліктердің жүру кестесін түнгі сағат онға дейін ұзартуды тапсырған еді. Бірақ ол талап орындалмады. Сол сияқты, тараздықтардан бүгінде автобус маршруттарына қатысты көптеген шағым түсуде. Әсіресе, тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының айтарлықтай сирегенін жеткізген.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында коронавирус індетінің дерегі тіркелді
Жамбыл облысында коронавирусты инфекциямен ауырған науқас тіркелді. Коронавирус инфекциясын жұқтырған Шу ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы мәселеге байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында шұғыл брифинг ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың айтуынша, науқас 23 наурыз күні Қырғыз Республикасынан келген.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының бекеттерінде 33 мыңнан аса жолаушы тексерілді
Ағымдағы жылдың 19 наурызынан бастап Жамбыл облысының республикалық маңызы бар жолдарында санитарлық-карантиндік блок-бекеттер жұмыс істеп келеді.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2020
Сарысулық диқандар дала жұмысына кірісті
Көктем келіп, күн жылына салысымен Сарысу ауданының диқандары көктемгі егіс дала жұмыстарына кірісіп кетті.
Қазақстан • 24 Наурыз, 2020
Тарихтың әр тәмсілі өрнек болса...
Дүние жаратылғалы адамзат баласы дәуірлердің қайғысын арқалап, тағдырдың тауқыметін тартып келеді.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Таразда 4000-ға жуық медициналық маска тегін таратылады
Әлемді шарпыған аты жаман індеттен барынша қорғану – әрбір адамның міндеті. Дәрігерлердің белгілеп берген сақтану жолдары – қауіптің алдын алудың тиімді жолы. Десе де, Жамбыл облысында медициналық маскалардың тапшылығы туралы тұрғындар тарапынан талай сын айтылды. Нәтижесінде, өңірде 70 мың данаға дейін медициналық маска шығарылатын болды. Ал, жуырда тараздық «Асыл-Ай» тігін фабрикасы өз есебінен 1000 медициналық маска тігіп, оны көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін таратқан болатын.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында шет елдерден келгендер оқшаулануда
Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда өңірде коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелмеген. Басқарма жүргізген мониторингке сәйкес, облыста ағымдағы жылғы 23 наурыз күнгі жағдай бойынша Италия сынды 1A санатындағы елдерден келген 3 азамат карантиндік стационарға оқшауланса, 1Б санатындағы елдерден келген 17 азамат үй карантиніне оқшауланған. Ал, Филиппин, Катар, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Әзірбайжан, Таиланд, АҚШ сияқты 2-санаттағы елдерден келген 18 азамат медициналық бақылауға қоңырау шалу арқылы алынған.
Әдебиет • 23 Наурыз, 2020
Кез-келген шығарманы әдебиеттің тарихына қызмет етеді деу қиын. Көп жағдайда көп кітаптар жазылады, кейін оқылмай қалады. Керісінше, көптеген мықты туындылардың тағдыры теперіш көріп, күндердің күнінде оқырманның үлкен сұранысына ие болып жатады. Дегенмен, кейде қаламгердің қалыптасқан есімі кітаптың тағдырына әсер етеді. Қайта белгісіз күйде жүрген қаламгерлердің жалғыз шығармасы-ақ жаһандық көкжиекке көтеріледі.
Аймақтар • 23 Наурыз, 2020
Жамбылдық 10 тұрғынның қан талдауы теріс нәтиже көрсетті
Коронавирус індетін жұқтырған науқаспен байланыста болған Жамбыл облысының 10 тұрғынының қан талдауы теріс нәтиже көрсетті. Осы уақытқа дейін хабарланғандай, 20 наурыз күні Алматы облысының тұрғыны «коронавирустық инфекция» диагнозымен Қарасай аудандық ауруханасына жатқызылған болатын.