Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1837 материал табылды

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2019

«Шығыс-2019» халықаралық оқу-жаттығуы өткізілуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Шығыс» оқу полигонынының саптық алаңында «Шығыс-2019» шұғыл тактикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу жаттығуға Ресей Федерациясының Орталық әскери округының, Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері, Қазақстан Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштері, Ұлттық гвардия мен Ұлттық қорғаныс комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысуда. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Басқармасының баспасөз қызметінен капитан Рустем Игисинов хабарлады.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Палуан Н. Жарылғапов Ақтаудан бір бөлмелі пәтерге қол жеткізді

«Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты жалпыхалықтық Аста ұйымдастырылған қазақ күресі сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Мәскеу қаласынан 21 палуан қатысты. Сайыс ережесіне сай жасы 18-ден, салмағы 90 кг-нан жоғары палуандар алғашқы күні жеребе бойынша іріктеу сынынан өтті.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Маңғыстауда жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Аймақ басшысы Серікбай Трұмов аппараттық жиында облыс әкімдігіндегі жаңадан тағайындалған басшыларды таныстырды.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Маңғыстаудағы аста аламан бәйге жеңімпазы 2 бөлмелі пәтер ұтып алды

Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылы маңында Сисем ата және сол қауымда жатқан аталар рухына бағышталып «Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты жалпы халықтық Ас берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті кәсіпкер азаматтардың, сондай-ақ ел азамттарының ұйымдастыруымен, ел-жұрттың қолдап-атсалысуымен өткен Асқа 5000-нан астам адам жиылып, 130 киіз үй тігілді.

Қоғам • 16 Қыркүйек, 2019

Ақтауда АҚШ елшілігінің қолдауымен мүгедек жандарға арналған жоба қолға алынбақ

«Өркениетті келешек»  қоғамдық қоры 2019-2020 жылы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Мен бармын!»  жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Ақтауда Каспий маңы мемлекеттерінің 1-ші пәнаралық эндохирургиялық Конгресі басталды

Конгресс жұмысына Қазақстан, Ресей, Иран, Әзірбайжан, Франция, Италия, Украина, Грузия, Оңтүстік Кореяның жетекші хирургтері қатысуда. Шара 4 күнге жалғасады. Конгресс бағдарламасы кеңейтілген, басқосуда халықаралық сарапшылар сөз сөйлейді, дөңгелек үстелдер, баяндамалар және пікірталастар ұйымдастырылады. Конгресс аясында Ресей, Әзірбайжан, Франция және Қазақстанның жетекші эндоскопиялық хирургтердің қатысуымен шебелік-класстар өткізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

«Көнеміз ғой, қайтеміз көнбегенде?..»

Баланың бақытты болуы тек ата-ана, ағайын-туысқа емес, ұлтқа-қоғамқа қажетті құндылық. Өкінішке қарай, тағдырдың жазуымен денсаулығында ақау бар болғандықтан, мүгедек деген санатқа іліккен балалардың болуы жан ауыртады. Қоғам оларды да шетке теппей, мүмкіндігінше әлеуметтік-материалдық және рухани тұрғыда қолдау көрсетіп келеді.

15 Қыркүйек, 2019

Ақтауда парасаттылық оқу дәрісі өтті

Ақтауда Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облыстық филиалында лекторлық пул мүшелеріне арнайы оқу дәрісі өтті.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2019

Маңғыстау облысының жол сапасына бақылау жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау облысында «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына кешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді.

15 Қыркүйек, 2019

Ақтауда «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, республикамыздың әр аймағында тазалық шараларын өткізді. Республикалық чэлленджге министрлікке қарасты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері қатысты. Бұл туралы Маңғыстау облысы халыққа қызмет көрсету орталығы баспасөз қызметі хабарлады.