Еңбек • 26 Шілде, 2023
Агрокешеннің болашақ жаңа мамандары
Соңғы жылдарда азық-түлік қауіпсіздігі, жер шарындағы климаттық өзгерістерге орай алаңдап отырған ғалымдар қауымдастығы адамзатқа ортақ мәселені шешудің замануи әдіс-тәсілдерін қолданудың маңыздылығына мән беріп келеді.
Құрылыс • 26 Шілде, 2023
Қазір мектепте орын тапшылығы, апатты нысандар жиі көтеріліп жүр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына сәйкес Алматы қаласында 2025 жылға қарай 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салу жоспарланып отыр.
Оқиға • 19 Шілде, 2023
Саунадағы «лагерь»: Қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы Ұзынағаш ауылында орналасқан «Арман дала» жазғы лагеріне балаларын жіберген ата-аналардың қуанышы ұзаққа бармады. Жазғы демалысын осы лагерьде өткіземіз деп келген оқушылар күтпеген жайтқа тап болып, өрескел жағдай туралы ата-аналарына хабарлаған. Осының ізін ала әлеуметтік желіде еденде, желдетілмейтін бөлмелерде ұйықтап жатқан балалар туралы бейнежазба тарады.
Қоғам • 18 Шілде, 2023
Қала қауіпсіздігін күшейтетін жобалар
Агломерация орталығына айналған Алматы сияқты ірі қалаларды дамытуда заманауи технологияларды пайдаланудың тиімділігі жоғары екенін мамандар үнемі қаперде ұстап келеді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2023
Алматы жолдары жаңа технологиялар арқылы жаңартылып жатыр
Жаз айларындағы жол жөндеу жұмыстары алматылықтар үшін бірқатар қолайсыздықтар туғызып, кей жағдайда тиісті орындарға тұрғындардың шағымдануымен жалғасын тауып жататыны белгілі. Биылғы жылы да тұрғындар жол жөндеу жұмыстарына алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілерде наразылықтарын білдірген еді. Осы орайда журналистердің сұрақтарына жауап берген Алматы қаласы Мобильділік басқармасының мамандары арнайы баспасөз турын ұйымдастырып, құрылыс жүріп жатқан негізгі учаскелердің жұмысымен таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Шілде, 2023
Ғалымдар Алматыны дамытуға арналған жобаларды ұсынды
Ұлттық ғылым академиясы қаланы дамытуға байланысты ұсынылған 50 жобаның ішінен іріктеп, коммерцияландыруға дайын 11 жобаны қала әкімшілігінің назарына ұсынды. Қазіргі кезде бірнеше жоба қолдау тауып, қаланың келешегі жолында іске асатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 21 Маусым, 2023
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ғалымдары «Asfen.forum: жаңа буын – 2023» технологияларды коммерцияландыру реакторы алаңында ғылыми жаңалықтарын бизнес өкілдеріне таныстырды. Жиырмадан астам жоба ішінен іріктелген 12 әзірлеме инвестициялық тартымдылығымен қатар, әлеуметтік сипаты жағынан да ерекшеленді.
Білім • 16 Маусым, 2023
Жақында жарыққа шыққан «Әліппені» оқытуға арналған әдістемелік көмекші оқу құралының авторы – Ділдәгүл Нұрмаханбет.
Алматы • 07 Маусым, 2023
Архив ісінің озық әдістерін игереді
Алматыда Президент архиві, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен жас архившілердің VI халықаралық жазғы мектебі жұмысын бастады. «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңның қабылданғанына 25 жыл толуына орай «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» марафоны аясында ұйымдастырылған жазғы мектепке алыс-жақын шетелдерден жиналған жүзден астам делегат архив ісінің заманауи мүмкіндіктерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.
Құқық • 05 Маусым, 2023
Заңсыз шығарылған активтер қайтарылады
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – еліміздің аграрлық саласына білікті мамандар даярлауда көшбасшы жоғары оқу орны. Осыдан біраз уақыт бұрын университетке қарасты мүліктердің жекеменшікке өтіп кеткеніне тиісті орындар назар аударып, тексеру жұмыстары қолға алынғаны белгілі. Аграрлық білім мен ғылымның қара шаңырағында туындаған біраз былық пен заңсыздық білім сапасы мен инфрақұрылымдық дамуына кері әсер етіп қана қоймай, көптеген мәселенің қордалануына алып келді.