Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1508 материал табылды

Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Ақмоладағы ілкімді істер

Көкшетау әуежайы жаңаша түрленеді. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев нысанның жөндеу жұмысының барысымен танысып, мекеме басшылығына бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ, өңір басшысы Зеренді ауданының көктемгі егіс науқанына әзірлігін бағамдап, Ақкөл, Ортақ, Қызылтаң ауылдарының инженерлік желілері мен әлеуметтік нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы тапсырма берді.

Аймақтар • 07 Мамыр, 2020

Ақмола: Мүмкіндігі шектеулі адамдар мемлекет қамқорлығында

Кедергісіз орта қалыптастыру мәселесін шешуге байланысты өңірдің «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» 2 мыңға жуық нысан кірген. Бұл 2012 жылдан бері атқарылып келе жатқан шаруа.

Өнер • 07 Мамыр, 2020

Майдангерлер галереясы

Ауылда тұратын суретшінің оң жамбасына келетін тақырып – Ұлы Жеңіс. Ол туған ауылындағы 64 ардагердің пор­тре­тін салып шыққан.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Ақмолалық «СМЕРШ» сарбазы

Жалынды журналист. Қарымды қаламгер. Батыл барлаушы. Бұл – Ақмола өңірінің тумасы, майдангер Рақымжан Сансызбаев. Алматы қаласындағы «Әдебиет және Өнер» журналының редакциясында қызмет атқарып жүрген ол 20 жасында өз еркімен майданға аттанады. Гвардия лейтенанты «СМЕРШ» барлау органының құрамында болған.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Көкшетауда мобильді зертхана жұмысын бастады

Ең бірінші кезекте тегін тестілеуден қауіптілігі жоғары деп саналған азаматтар өтеді.

Аймақтар • 06 Мамыр, 2020

Ақмолада халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды

Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды. Облыстық әкімдік жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі штаб осындай шешім қабылдаған.

Қоғам • 06 Мамыр, 2020

Атажұрттағы атаулардың ақтаңдағы

Тыңның эпицентрі аталған Ақмола өңіріндегі елді мекендердің идеологиялық тұрғыдан әбден ес­кірген атауларын өзгертетін уақыт жетті. Жетпіс жылғы солақай сая­саттың тұмшалаған қара шымыл­дығын серпіп тастасаңыз, арғы жақтан атамекеннің байырғы атаулары саф алтындай жарқ ете түсер еді.

Қазақстан • 05 Мамыр, 2020

Соғыс ардагері Саттар Жақанов: Қошқарбаевтың қасында болдым

Ақмола өңірінің тумасы Саттар Жақанов ақсақал биыл 94 жаста. Небәрі 18 жасында қан майданға аттанған сарбаз Берлинге дейін барған. Рақымжан Қошқарбаевпен бір полкта болып, батыр Рейхстагқа ту тіккенде жанында болған.  

Аймақтар • 05 Мамыр, 2020

Даладағы дүбір

Жақсы ауданының диқан механизаторлары көктемгі егіс науқанына сақадай сай. Қажетті техниканы жөндеуден өткізіп, тұқым қорын толықтырып алған. Ендігісі көктемнің ашық әр сәтін тиімді пайдаланып, уақытылы дән сіңіру.

Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Бурабайда жаңа үлгідегі сервистік әкімдік кеңсесі ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы мақсат-міндет жүктелген. Ол азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға мүмкіндік береді. Таяуда Бурабай ауданында сервистік әкімдік кеңсесі ашылды.