Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Ақмолалық студенттер жұмыс істегісі келеді
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қалалық жұмыспен қамту орталығы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қабылдауды жүзеге асырады.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі адамдар жұмысқа ынталы
Биыл Көкшетау қалалық жұмыспен қамту орталығына мүмкіндігі шектеулі 50 адам еңбекке орналасуға өтініш берген. Олардың 2-уі жастар тәжірбиесі арқылы жұмыспен қамтылса, 19 адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылған. Тағы 11-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Ақмолада «Бастау бизнес» жобасы өз жемісін беруде
Мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, кәсібін дөңгелеткендер көпке үлгі. Мәселен, зеренділік Дамира Битенова «Бастау бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, жеке косметологиялық кабинетін ашқан.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Зеренді құс фабрикасы жетіліп келеді
Ауданда өндірістік қуаты жылына 2,5 мың тонна құс етін өндіретін фабрика жұмыс істеп тұр. Былтыр құс еті жарты жыл тестілеуден өтіп, қазір толығымыен ішкі нарыққа ұсынылуда. Бройлер тауықтары Голландиядан жеткізілген.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Ақмолада баспаналы болғандар көп
Биыл облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1348 отбасы қоныс тойын тойлады.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Ақмолада «Сервистік әкiмдiк» қалтқысыз қызмет көрсетуде
Коронавирустық карантин кезінде Бурабай ауданының «сервистiк әкiмдiгi» жұмыс істей бастады.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Көкшетауда «Шоқан оқулары» жиырма төртінші рет өтті
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде қазақ халқының тұңғыш ағартушы ғалымы Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығына арналған «Шоқан оқулары-24» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы онлайн режимде өтті.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Ақмолада өрт салдарынан бір адам қаза тапты
Өртке темекі тұқылы себеп болуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов мәлімдеді. Өрт Митченко көшесінде орналасқан екі қабатты үйден шыққан. Қаза тапқан адам 1958 жылғы азамат, сол пәтердің иесі.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Ақмола облысында 66 білім ошағында спорт зал жоқ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спорт индустриясы үшін басым міндеттердің бірі – бұқаралық спортты дамыту екендігіне назар аударған болатын. Біздің облыста қолға алатын күрделі мәселе осы.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Қуғын-сүргін құрбандары жайлы жаңа кітап жарық көрді
Саяси қуғын-сүргін құрбандары жайлы сыр шертетін жаңа кітап ғылыми-танымдық үлгіде басып шығарылған. Архивтен жинақталған құнды 75 құжат 4 бөлім арқылы орналастырылған.