Саясат • 12 Тамыз, 2019
Алматылық құрылысшыларды құттықтады
Тамыз айының екінші жексенбісі елімізде құрылысшылардың кәсіби мерекесі ретінде атап өтіледі. Мерейлі күн қарсаңында Алматыға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин қала құрылысына қомақты үлес қосқан еңбеккерлерді құттықтау салтанатына қатысты.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2019
Көктөбе баурайын бір күнде екі рет өрт шарпыды
Жексенбінің кешінде Алматыдағы әйгілі Көктөбе баурайы өртке оранды деген хабар әлеуметтік желі арқылы желдей есті. Мәлім болғандай, 11 тамыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14.28-де қалалық 101 қызметіне Көктебе мұнарасына таяу маңдағы тау алқабында өрт тұтанғаны туралы хабар келген.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2019
Алматыны дамыту – айрықша назарда
Ел аумағындағы еңбекке жарамды халықтың 15 пайызын жұмыспен қамтып отырған Алматы – отандық экономиканың ірі орталығы. Күн санап аумағы артқан алып шаһар тың тыныс алып, жаңа тұрпатта дамып келеді. Премьер-Министр Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапары барысында мегаполистегі ауқымды инфрақұрылым нысандарының құрылысымен танысып, Алматы қаласы мен Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде алқалы кеңес өткізді.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2019
Алматылықтар ашық аспан астында кино көрді
Жуырда Алматы жұртшылығына арналған айрықша жоба қолға алынған болатын. Алматылықтар мен қала қонақтары шаһардың әрбір ауданында ашық аспан аясында кино тамашалау мүмкіндігіне ие болды. 10 шілдеде басталған шараға екі мыңнан көп көрермен келген. Бүгінге дейін 4 фильм көрсетіліпті.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2019
Алматыда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендеген
Алматылық Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, шаһарда бейнекамералардың арқасында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы едәуір азайған. Статистикалық деректер бойынша пәтер тонау - 2,3 есеге, автомобильдер ұрлығы - 2,9%, ұялы телефон ұрлығы - 48,1%, көлік айналарын ұрлау - 4,3 процентке, қалта ұрлығы - 3,4 есеге, көлік ішінен ұрлау - 13,5%, түсті және қара металды ұрлау 21,7процентке азайыпты.
Руханият • 07 Тамыз, 2019
Алмас Нұрғожаев – бүгінгі қазақ бейнелеу өнерінде өз мәнерін қалыптастырған жас суретші. Оның туындылары өзі айтқандай ішкі әлемі мен жан толғанысының боямасыз бейнесі. Алмас шығармаларын тамашалағанда ең алдымен көзге түсетіні – күрделі қозғалыс пен ракурсқа құрылған экспрессияға толы тылсым композициялар. Туындыгердің кенебін көмкерген кейіпкерлер мәңгілік қозғалыста.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2019
«Сергек» камераларының саны артады
Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте биылғы жылдың соңына дейін қосымша 707 «Сергек» камерасы іске қосылады. Олардың 400-і көше қиылыстарына, 307-сі жол жиегіндегі учаскелерге орнатылмақ. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Жұмыссыздарды қолдау орталығы ашылды
Аталған орталықта азаматтарды еңбекпен қамту ғана емес, жеке бизнестерін ашуға да қол ұшын береді. Қазір қаладағы «Кенжехан» және «Көкбазар», екі теміржол бекеті мен Түрксіб жәрмеңкесінде дәл осындай 5 орталық жұмыс істеп жатыр. Жауапты мамандар, жұрт көп шоғырланған аумақтарға тағы жетеуін ашу көзделгенін айтады.
Қоғам • 05 Тамыз, 2019
Қазақ теміржолының алтын бесігі
Алматыдағы темір жол көлігінің орталық музейі және Алматы музейінің бірлесіп ұйымдастыруымен көлік қызметкерлері күніне арналған айрықша көрме ашылды. Алғаш 1901 жылы іргетасы қаланған қазақ теміржолының тарихы тереңде жатыр. Нақ осы жылы еліміздің батысында жолтабан ені 1524 мм болатын алғашқы темір жол салынып, 1904 жылдың қаңтар айында Орынбор қаласынан Қазалы (Кубек) стансасына дейін алғашқы пойыз жолға шықты.
Аймақтар • 31 Шілде, 2019
Ертең Алматыда Денсаулық айлығы басталады
Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында қаланың сапалы медициналық қызметке зәру аудандарына мобилді топтарды жібереді.