Сайлау • 12 Ақпан, 2023
Саяси науқаны жақындаған сайын, партиялардың белсенділігі арта түсті. Қоғам тынысын аңдасақ, пайым-пікір сан қилы. Сарапшылардың сөзінше, саяси сауаты салмақты азаматтар аралас сайлаудың артықшылығын жақсы түсінуге тиіс. Алматыдағы «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында бас қосқан мамандар аталған жүйенің негізгі міндеттері мен мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.
Қоғам • 12 Ақпан, 2023
Әлеуметтік желінің әлеуетін пайдаланып, заманауи медиа мінберді рухани алаңға айналдыруға әбден болады. Желі ішінде «өмір сүретін» жеткіншектерге ұлттың ұлы тұлғалары туралы танымдық хабар ұсынып, поэзия байқауын, ән-күй сайыстарын өткізуге бастамашы болған Бейбіт Бөрі есімді азамат Америкада тұрады.
Мектеп • 09 Ақпан, 2023
Мақсат – «Абай мектебін» танымал ету
Хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында абайтанушылармен жүздескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің қадір-қасиетін балаларға мектеп жасынан бастап сіңіруіміз керек. Бұл бағытта бірыңғай ұстаным қажет. Осыған орай Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернаттың мүмкіндіктерін толық пайдаланған жөн. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын бұл мектептің оқу үдерісі басқа мектептерге үлгі болады деп ойлаймын. Оны заманауи талапқа сай жан-жақты жетілдіріп, «Абай мектебі» деп аталатын ең үздік білім ордасына айналдыру қажет» деген еді. Газетіміздің 11 қаңтар күнгі санына «Абай мектебі желісін дамытуға не кедергі?» деген мақала жарияланып, авторды тарихы терең білім ошағының болашағына қатысты кейбір мәселелер алаңдатқанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Мәселенің мән-жайына үңілу үшін Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының директоры Ержан ӨМІРХАНОВТЫ әңгімеге тартқан едік.
Қоғам • 02 Ақпан, 2023
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Ұлт рухын асқақтатқан басылым» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Тағылымды шарада ұлттық сананы жаңғыртудың айнымас бағдары болып, ұлттық мүдде һәм теңдік пен бостандық күресінің, тарих пен мәдениеттің, тіпті халық тыныс-тіршілігінің айнасы бола білген басылымның тарихы, оның бастау-бұлағында тұрған Алаш арыстарының шығармашылық мұрасы хақында өзекті ойлар айтылды.
Үміт • 30 Қаңтар, 2023
Дохада қазақ шығыстанушысы марапатталды
Әлемде өмір сүру салты бір-бірімен мүлде қабыспайтын қаншама ел бар. Оларды жақындастыратын қуатты күш – мәдениеттер тоғысы һәм өзара түсіністік. Күні кеше Қатар астанасы Дохада «Аударма және аккультурация мәселелері» атты халықаралық конференция өтіп, аударма саласының озық мамандары бір алаңда бас қосты.
Тарих • 30 Қаңтар, 2023
Өмірдің өзіндей қарапайым, сонысымен де жүрекке жылы тиетін Еркін Ібітанов поэзиясына, оның еш қоспасыз, боямасыз әлеміне айналып келіп соға беретініміз аспанкөңіл ақынның тау бұлағындай тұнық өлеңіне бала кезден сусындап өскенімізден болар. Қарасаз ана құндақтаған егіз ұл Мұқағали мен Еркіннің өлеңдегі өзені арналас, қасиет қалыбы таңбалас көрінеді кейде...
Тарих • 26 Қаңтар, 2023
Сұлтанахмет Қожықовтың есімі аталғанда даңқы дәуірге дастан болған «Қыз Жібек» фильмі ойымызға оралады. Көркем өнердің көкжиегін кеңейтіп, қазақ киносын шырқау биікке көтерген киногердің биыл ғасыр тойы.
Өнер • 22 Қаңтар, 2023
Салтанат Сәдібекованың шығармаларына ширақтықпен қатар колориттің қанықтығы тән. Суретші табиғат сұлулығын жырлай отырып, табиғи ортадағы өмірді анық әрі нанымды бедерлеуге тырысады. Түсті, табиғаттың тылсым бояуларын талғампаздықпен сезінеді.
Өнер • 15 Қаңтар, 2023
Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде танымал суретші Алпысбай Қазғұловтың «Әр алуан әлем» атты жеке көрмесі есік ашты. Көрмеге автордың жеке жинағынан алынған 100-ге жуық туынды қойылған.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2023
Сын сәтте өз өмірін қатерге тігіп көзсіз ерлікке бару – кез келгеннің көкейіне келе бермейтін батылдық. Келеңсіз оқиға болған жерге кездейсоқ келіп, мүлде танымайтын адамды лапылдап жатқан қызыл жалынның ішінен аман алып шыққан Бауыржан Әуелбековті бүгінгі заманның батыры десек артық болмас.