Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
178 материал табылды

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Еркіндікке сенімді қадам

Егемендік ел тағдырындағы ең қастерлі құндылық десек, еркіндік лебі ескен еңселі кезеңнің салмағын қуаттайтын құнды құжат қабылданған сәт тарихымызда алтын әріппен әдіп­тел­гені шүбәсіз. Ғасырлап күткен асыл арман арнасын тап­қан мерейлі мезетке бүгінгі күн биігінен көз тастағанда, сон­дағы әсер мерзімді баспасөздің сарғайған парағында сайрап жатыр. Бүгінгі мақаламызда тәуелсіздік қарсаңындағы уақыт ауа­нын, халық жүрегінің лүпілін тамыршыдай тап басқан газет-журнал беттерінен, тарихи оқиғаға куә болған, қызу үдеріс­тің бел ортасынан табылған тұлғалардың естелігінен іздемекпіз.

Байқау • 16 Қазан, 2025

Дирижерлер додасы

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында даңқты композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына ар­налған республикалық дирижерлер байқауы өтті. Сау­са­ғынан сиқырлы саз төгілген музыка шеберлерін бір алаңда тоғыстырған өнер додасы екі күнге жалғасты.

Қоғам • 15 Қазан, 2025

Этножурналистика – келісім кепілі

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Сенат депутаттары, ҚХА Журналистер клубының мүшелері, жетекші медиаменеджерлер мен сарапшылар қатысты.

Тағзым • 14 Қазан, 2025

Кісілік тағылымы

Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының туғанына 75 жыл толуына арналған әдеби жиын өтті. Қалам ұстаған қауым ұлт әдебиетіне айшықты қолтаңбасын қалдырған жазушыны құрметпен еске алып, әділет пен адамгершілікті тұтас ғұмырының өзегіне айналдырған қаламгер туралы естеліктер топтастырылған «Өзгермеген адам» кітабының тұсауы кесілді.

Алматы • 10 Қазан, 2025

Алматы мәдениетіндегі айшықты жобалар

Алматы – еліміздің рухани бесігі, мәдени астанасы. Миллиондар тоғысқан мегаполисте ұлттық құндылықтар мен заманауи өнер үндесе дамып, көрермен көңілін баураған театрлар мен галереялар, мәдени орталықтардың қатары көбейіп келеді. Қала әкімдігінің осынау маңызды бағытқа басымдық беруі нәтижесінде мегаполисте бірқатар мазмұнды мәдени жобалар қолға алынған.

Басылым • 09 Қазан, 2025

Қазақ әдебиетінің қанжығасы майланды

Анкарада Түрік тіл қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Тілде, ойда, істе бірлік» атты Түркі әлемі балалар әдебиеті сыйлығын табыстау рәсімі өтіп, қазақ әдебиетінің қанжығасы майланды.

Заң мен Тәртіп • 07 Қазан, 2025

Киберқауіпке қарсы тұрудың қоғамдық жауапкершілігі

Қазір әлемде кибералаяқтық – ең жылдам өршіп келе жатқан қылмыс түрлерінің бірі. Қазақстанда да бұл қауіп күрделеніп, сан қырлы сипатқа ие болды. Қоғамға цифрлық технологиялар тереңдеп енген сайын сол кеңістікте жымысқы әрекет ететін алаяқтар да жаңарып, өзгере бас­тады. Қолындағы барынан айырылып, несиеге белшесінен батып, сан соғып қалған жандардың қатары жыл сайын артып келеді.

Көрме • 04 Қазан, 2025

Белград музейінің жәдігерлері Алматыға жетті

Алматы музейінде «Серб әйелі: ғасырлар тоғы­сын­­да» деп аталған өнер көр­месі есік ашты. Қоғам­дағы әйел мәртебесін асқақ­та­тып, Сербия тарихы мен мәдение­тінің бірегей мұра­сын айшықтаған айтулы жоба­ның ашылу сал­та­натына Сербияның бірінші ханымы Тамара Вучич, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дос­тық қарым-қаты­нас­та­ғы қос елдің руха­ни байланысын дәне­керлеген зиялы қауым қатысты.

Жануарлар • 03 Қазан, 2025

Амур жолбарысы күшіктеді

Жойылуға сәл-ақ қалған Амур жолбарысының зоо­бақ жағдайында көбеюі генетикалық алуандықты сақтап, популяцияны қорғауда аса маңызды.

Өнер • 02 Қазан, 2025

Жаңашылдық әкелген жалғыздық

Цифрлық дәуір дамуымызға дем бергенімен, ой санамызға, риясыз қарым-қатынасымызға бөгет болатындай. Шынайы сезімдерден алшақтап барамыз. Ойымыз жұтаң, сөзіміз шолақ, эмоциямызды смайликпен сездіретін болғанбыз. Талантты суретші Сұлтан Аманжолдың «Wi-Fi» деп аталған картинасы осы кептің тамырын тап басады. Автор технология мен адам арасындағы тепе-теңдіктің бұзылғанын көрсетіп, көрерменді ой құшағына қамайды.

Яндекс.Метрика