Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
Өзбекстан мен Ресейде шетелдік валютадағы қарыз алушылардың шығындары өтелмейді
Бұл шешімге екі елдің де ұлттық валюталарының әлсіреуі себеп болған. Өзбекстанның Орталық банкі қарыз алушылардың валюталық қайта бағалаудан болған шығындарын жабуды және төмендетілген бағаммен шетел валютасындағы несиелерді суммаға аударуды жоспарламайды. Бұл туралы Орталық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 20 Сәуір, 2020
Кедей елдердің қарызы кейінге қалдырылды
Мамыр айынан бастап ХВҚ 25 елге қарызды төлеуді тоқтата тұрады. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және G20 бір уақытта бірнеше ондаған кедей елдерге, оның ішінде Африка мен Азия елдеріне, соның ішінде Тәжікстанға қарызын төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады, деп жазады iz.ru.
Қазақстан • 20 Сәуір, 2020
Карантиндегі Қазақстан: Онлайн форум, хоум-кеңсе тәжірибесі сынақтан өтіп жатыр
Пандемияның әсеріндегі катаклизм мен карантин жағдайында Қазақстанның көптеген ірі компаниялары мен мемлекеттік корпорацияларын қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс режиміне ауыстырылды. Басқаша айтқанда жалдамалы кеңсені «хоум-кеңсеге» ауыстырудың артықтылықтары мен кемшіліктерін әрбір адам жеке тәжірибесі арқылы сынақтан өткеруге мүмкіндік туды.
Экономика • 20 Сәуір, 2020
Әлемнің Орталық банктері қор нарығын қолдай бастады
Әлемнің жекелеген елдерінің Орталық банктері қаржы нарығын құтқарып қалу үшін қор нарығына қолдау көрсете бастады.
Экономика • 20 Сәуір, 2020
Еуроодақ елдері шығыны миллиард еуроға жетті
Кәсіпорындардың тоқтап қалуы Швейцария экономикасына 49 миллиардтан 81 миллиард еуроға, Испанияда 171 миллиард еуроға дейін шығын әкелді. «Еуропалық Одақтың коронавирустық пандемиядан шығыны миллиардтаған еуроға жетті» деп хабарлады Ifo неміс экономикалық институты өзінің кезекті есептерінде.
Әлем • 19 Сәуір, 2020
Коронавируспен ауыратын адамдарда тұрақты иммунитет болмауы мүмкін
Коронавируспен ауыратын адамдарда тұрақты иммунитет болмайды, деп жазады Forbes ДДҰ-ның ресми мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып.
Экономика • 18 Сәуір, 2020
Экономикамыз қандай болса, теңгеміз де сондай ...
Теңге бағамына әсер ететін факторлар сан қырлылығымен ерекшелене бастады. Мысалы, 2019 жылдары қымбат мұнай теңгеге неге әсер етпейді деген тақырып тренд болатын. Мұнай бағасынан бақ тая бастаған күннен бастап қазақ теңгесі мен АҚШ долларының бағасының қырық құбылып тұратыны үйреншікті құбылысқа айналды.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2020
БЖЗҚ-да қазақстандықтардың жинақталған зейнетақы қаражатының азаюы түсіндірілді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ әлеуметтік желілердегі салымшылардың жинақтары біршама азайды» деген хабарламаларға түсініктеме берді.
Экономика • 18 Сәуір, 2020
Әлемдік экономика енді алтынға арқа сүйейді
Ендігі жерде кімнің алтыны көп болса, сол елдің сөзі үстем болары анық; себебі сарапшылар 2020 жылдан бастап алтынның 1 унциясы 2000 АҚШ долларға дейін көтерілетінін айтып отыр. Сарапшылар жекелеген елдердің валюталарының тұрақтылығына да алтын бағасы әсер етуі мүмкін екенін айтып жатыр.
Экономика • 17 Сәуір, 2020
Kcell 2019 жылға 9,0 млрд теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді ұсынады
Ұялы байланыс операторының таза пайдасы 2019 жылы 10,1 млрд теңгені құрады.