Қаржы • 27 Наурыз, 2023
Рубль құлдырауының бүгінгі бағамға әсері
2023 жылдың алғашқы екі айы рубль үшін аса жайлы болмады. Рубльдің құлдырауына бірнеше фактордың траекториясы әсер еткенін көріп отырмыз. Ресейде экспорт құлдырап, импорт кеміп, мұнай мен газ бағасы шектелді. Өткен жылдан бастап көршілеріміз мұнай мен газын дисконтпен, өзіндік құнына жақын бағамен сата бастады. Үшінші, ең қорқынышты фактор – РФ Орталық банкі бюджет тапшылығын жабу үшін еш қамтамасыз етілмеген рубльді триллиондап басуға кірісті.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Франциялық бақылаушылар Алматыдағы сайлау барысының ашықтығын атап өтті
Алматыда сайлау барысын бірқатар халықаралық байқаушы бақылауда. Олардың арасында Франциядан келген сарапшылар да дауыс беру барысын бақылады, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Ресей бақылаушылары Алматыдағы дауыс беру барысына оң баға берді
Алматыдағы бүгінгі сайлау барысына жалпықалалық баспасөз орталығының брифингінде Тула қалалық думасының 6-шы шақылымының депутаты, Дума (РФ) төрағасының орынбасары Евгений Смолянинов ең алдымен осы сапарды ұйымдастырған азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Алматыда жазушы Смағұл Елубай дауыс берді
Алматының №301 учаскесінде жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Смағұл Елубай дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Алматыда актер Байғали Есенәлиев дауыс берді
Өнер тұлғасы қалалық №542 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ол бүгінгі сайлаудың ел болашағы үшін маңызды науқан екенін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Алматыда ақын Әділғазы Қайырбеков дауыс берді
Алматыда ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Қайырбеков дауыс берді. Ол бүгінгі сайлаудан ешкім қалыс қалмауы керектігін айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау • 19 Наурыз, 2023
Асылы Осман алғашқылардың бірі болып дауыс берді
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, ел тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Әрбір саяси науқандағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Алматыда алғашқы дауыс берушілерге сыйлықтар берілді
Алматы қаласы, Алатау ауданының №8 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерге сыйлық ретінде шай мен қазақстандық шоколад табыс етілді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 16 Наурыз, 2023
Күш алған теңге нарықтағы бағаны ырыққа көндіре ала ма?
Жыл басынан бері 1 доллар 435-440 теңге арасында тербеліп тұрды. Тіпті наурыз айының бас кезінде 432 теңгеге дейін арзандап кеткеніне куә болдық. Қазіргі доллар бағасы 450 теңгеден сәл ғана жоғары. 2023 жылдың екі айында да доллардың біздің теңгеге көзқарасы оң болды. Бірақ қымбат теңгенің де бағаға әсер етпей тұрғанына екі айға жуықтады. Наурыздың басындағы баға да құбылмалы сипатта. Қысқасы теңгесі күш алып, мұнайы қымбат бағамен сатылған елдің назары базардағы бағаға ауды. Үкіметтің наурызға қарай баға арзандауы мүмкін деген уәдесі көп көңіліндегі үмітке дем салып қойды.
Өндіріс • 16 Наурыз, 2023
Жеңіл өнеркәсіпке кедергі неге көп?
Кейінгі жылдары күн тәртібінен түспей тұрса да нәтиже бермей тұрған бір сала болса, ол – жеңіл өнеркәсіп. Жақында осы саладағы түйткілді мәселелер Алматыда өткен отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы конгресінде талқыланды.