Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1776 материал табылды

Туризм • 16 Наурыз, 2023

Туризм салығы қайта қаралады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Мәдениет және спорт министрлігі шетелдік саяхатшыларға арналған туристік салықты қайта қарауға қатысты келісімге келді. Енді Астана, Алматы және Шымкент қалаларының қонақтары туристік салықты 0,5 АЕК, ал басқа аймақтардағы туристер өмір сүру құнына бұрынғы 5 пайыздық жарна ставкасының орнына 0,2 АЕК төлейтін болады.

Қоғам • 13 Наурыз, 2023

Ломбардтан қайтарылмаған алтын несие тарихына кіреді

Ломбард – бізге жат емес. Қаржыдан тарығып, қалтамыз жұқарып қалған сәтте алтын бұйымдарын ломбардқа екінің бірі апарады. Бірі қайта сатып алса, бірі бұйымына кері оралуды қажет деп таппайды. Ломбард сегменті микроқаржы ұйымы болып есептеледі. Сол себепті ондағы мәмілелердің тарихы несие тарихында таңбаланып қалады.

Қоғам • 10 Наурыз, 2023

Алматыда Димаштың муралын қалпына келтіру жұмыстары басталды

Алматыда қамқор азаматтардың бастамашыл тобының қатысуымен Димаш Құдайбергеннің қабырға суретін қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды, деп жазады Egemen.kz.

Инфографика • 10 Наурыз, 2023

Тегеурінді теңге кімге тиімді?

Теңгеміз күшейген сайын оның салмағын экономиканың әлеуеті көтере ала ма деген сұрақтың жауабы жан-жақты саралана бастады. Себебі валюта нарығында теңге бағамына қатысты қызық құбылыс байқалып жүр. Атап айтқанда, 1 АҚШ долларының құны – 431,08 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,72 теңге. Ал инфляция 20-21 пайыз деңгейінде тұр.

Әдебиет • 09 Наурыз, 2023

Қолмен жазудың құдіреті

Біздің бала күнімізде әдемі жазу жалпыға бірдей ортақ ереже еді. Тіпті сол сәтте көңіл күйіміз қандай болғанын ақ парақ бетінде кестеленіп қалған қолтаңбамыздан танитын. Алғашқы сыныптарда жүрген кезде көркем жазуды үйрететін арнайы пән де болды. Ұмытпасам, «Жазу үлгісі» деп аталатын. Қалыңдығы дәптердей ғана сол кітапшадағы маржандай тізілген әріптерді айнытпай жазу талай баланың арманы еді.

Саясат • 09 Наурыз, 2023

ЕАЭО: жеті пайыздың мұңы

ЕАЭО-да кедендік баждарды бөлу тәртібі қайта қаралуы мүмкін. Қаржы министрлігі ұсынған деректерде Ресей мен Беларусь импорты Қазақстан, Қырғызстан және Армения жері арқылы жеткізілетіні айтылған. Баж салымын қайта қарау керек деген ұсынысқа осы фактор себеп болса керек. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, қазір бұл мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында сараптамалық деңгейде талқыланып жатыр.

Бизнес • 08 Наурыз, 2023

Гүл нарығы «гулеп» тұр

Гүл бизнесінің тек мерекелік күнтізбелердегі сән-салтанаттық рәсімдерге ғана емес, күнделікті тұрмысымызға тәуелді екені жыл өткен сайын байқала бастады. Өміріңе із қалдырған қуанышты сәттерде бір-бірімізге гүл сыйлағымыз кеп тұрады. Гүлдердің әдемілігіне бас имейтін адам жоқ. Әсіресе әйелдердің ықыласы ерекше. Қазір туған күн де, үйлену тойы да, тіпті марқұммен қоштасқан қаралы жиындар да гүлсіз өтпейді. Басқаша айтқанда, дүние есігін гүлмен ашып, гүлмен жабатын дәстүр тұрмысымызға тереңдеп, енді, жан-жағымызға деген ілтипатымыздың белгісі ретінде қалыптасты.

Қаржы • 06 Наурыз, 2023

Оффшордан оралған қаржы мемлекеттің инвестициялық климатын сауықтыра ала ма?

Алматыда CFO Summit бағдарламасы мазмұнды және ауқымды болды: 10-шы мерейтойлық саммиттің ерекшелігі өзіміздің қаржылық мүмкіндігімізге назар аударуымен есте қалды. Жыл басынан бері қоғам «іштен шыққан қаржы магнаттарының шетелге ауып кеткен қаржысын қалай қайтарамыз?» деген сұраққа жауап күтіп, іштен тынып тұр. Қаржыны қайтара салу оңай емес. Әр жылдары елден кеткен қаржы оффшорлардың түбінде шөгіп жатыр.

Баға • 02 Наурыз, 2023

Баға бақылаудан шығып бара ма?

Ұлттық банк кезекті рет базалық пайыздық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Инфляциялық күтулер 2022 жылғы желтоқсанда шарықтау шегіне жетіп, кейін төмендеді, бұл алдыңғы болжамның алғышарттарына сәйкес келеді. Алайда инфляциялық күтулер әлі де жоғары және олардың төмендеуінің айқын тренді әлі қалыптаспаған. Бұл инфляцияның жылдам баяулауына кедергі келтіріп отыр.

Шаруашылық • 27 Ақпан, 2023

Шағын шаруашылықты кім сақтандырады?

Агросекторды сақтандырғысы келетін компаниялардың ықы­ла­сы тек ірі шаруа­шы­лық­тар­ға ауып тұрғаны, Үкіметтің ауыл мен фермерге қатысты көзқарасы солардың жағдайына қарап қалыптасатыны осы­ған дейін айтылған. Ауыл шаруа­шы­лығындағы олардың үлесі – 4-5 пайыз. Ал қалған 95 пайыз қа­рамағында 10-15 гектар жері бар ұсақ фермерлердің үлесінде. «Ұсақ фермерлердің жағдайын кім ойлайды?» деген сұрақтың жауабы табылмағанына ондаған жылдар өтті.