Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1748 материал табылды

Экономика • 14 Тамыз, 2022

Алма импортын шектей аламыз ба?

Ерте көктемде бау-бақша да­қылдары сегменті өкілдері алма импортына ішінара шектеу қажеттігін айтқан болатын. Жақында бұл мәселе тағы кө­терілді. «Импортты шек­теу қажет» деген пікірді қол­дай­тындар биылғы мол өнімді алға тартады. Биыл ел бойынша алма ғана емес, барлық жеміс түрі мол өнім берген жыл болды. Қара өрік, сары өріктен ағаштың белі қайысып, қалғаны мал азығына айналып жатыр.

Экономика • 11 Тамыз, 2022

Қаржыгер теңгенің құнсыздану себебін түсіндірді

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова теңгенің құнсыздануына қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Экономика • 03 Тамыз, 2022

Азық-түлік бағасына интервенция керек

Азық-түліктің бағасы күн санап қымбаттап барады. Әлемдегі жағдай да мәз емес. Бірақ қымбатшылықтың қазіргі деңгейіне адам факторының да ықпалы бар екені айтылып жүр.

Тарих • 28 Шілде, 2022

Жапонға жақындығымыз қандай?

«Қазақтың әрбір тасы қа­зақ­тың өңіріне түйме бо­лып тағылып, қазақтың же­рінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің аза­мат­­тарының үстіне то­қыма болып тоқылып киілуі керек» деген ұста­ным­ды темірқазық қылған Алаш арыстарының біразы­на жапон тыңшысы деген айып тағылды, атылды. Алдымен Алаш зиялы­ла­рының осы тақырыпта айтқан сөздерін келтіре кетсек. Әлихан Бөкейхан 1910 жылдары жазған «Қазақтар» атты очеркінде 1904-1905 жылдары болған орыс-жапон соғысы жайлы былай деген: «Орыс-жапон соғысы басталды… Телеграмдар жапон­дардың үздіксіз же­ңіс­терінен хабарлар әкеліп жатыр».

Қоғам • 22 Шілде, 2022

Алматыда Еуразиялық интеграцияны дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Алматыда ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаевтың қазақстандық қаржы нарығының қатысушыларымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 22 Шілде, 2022

Шетелдік компаниялар Қазақстанға қоныс аударады

Бұл туралы Алматыда Honeywell (АҚШ) құрастыру өндірісінің ашылу салтанатында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы • 18 Шілде, 2022

Биржа ма, әлде инвестициялық хаб па?

Өткен аптадан бері шетелдік басылымдарда Ресейдің Орталық банкі, Санкт-Петербург биржасы және қазақстандық «Freedom Holding» бірлесіп, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) базасында жаңа инвестициялық хаб құруды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл мәселені өз сарапшыларымыз да қызу талқылай бастады. Жалпы мұндай инвестициялық хаб бізге керек пе, оның Қазақстанның қор нарығын дамытудағы үлесі қандай болмақ? Әңгімеміз осы жөнінде.

Экономика • 17 Шілде, 2022

Қант нарығына реформа қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі қант тапшылығы мәселесіне тоқталып, осыған дейін пайдалануға берілген жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істеп тұрғанын сынға алды. Сондай-ақ қант нарығындағы қазіргі жағдай мемлекеттің ұстанымын қорғамағанын, Үкімет тез арада қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеуі керектігін ашып айтып, нақты тапсырмалар берді.

Экономика • 10 Шілде, 2022

Транскаспий бағдары Каспий құбыр консорциумына балама бола ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай жеткізуді әртараптандыруды маңызды міндет­тердің бірі деп атап, Транс­каспий бағдарын басым бағытқа айналдыруды, «ҚазМұнайГазға» заманына қарай амалын жасап, уақытша жабылып жатқан бағыттардың қашан ашылатынын босқа күтіп, уақыт жоғалтпай, жаңа маршруттарды дамытуды тапсырды.

Қоғам • 10 Шілде, 2022

Қант неге тапшы?

Сарапшылар елдегі қант тапшылығына байланысты жағдайдың күн сайын қырық құбылып тұрғанын айтады. Сауда және интеграция министрлігінің ерте көктемде «елде қант қоры үш айға жетеді» деген уәдесінің күші жазға жетпей алқынып қалды. Қант тапшылығына байланысты «Рахат» фабрикасының өзі көптеген кәмпит түрін өндіре алмай отырғанын, сондай-ақ осы себептен компанияның Шымкенттегі фабрикасы жұмысын тоқтатқанын хабарлаған-ды. Тіпті бала күннен дәмі таңдайымызда қалған барбарис, ирис тәрізді тәтті түрлері енді шықпайды деген деректер де айтылып қалды. Осының өзі елдегі қант қорының қандай деңгейде екенін аңғартса керек.