Экономика • 18 Шілде, 2021
ЕАЭО-да ветеринариялық дәрі-дәрмектердің бірыңғай нарығы құрылады
Енді бірыңғай нарық деген ұғым ЕАЭО-ға мүше елдердің дәрі-дәрмек индустриясына да жетті. Кеше Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу министрі Виктор Назаренконың төрағалығымен өткен ЕАЭО мемлекеттерінің тиісті уәкілетті органдары басшыларының кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық дәрілік заттардың айналымын реттеу ережелерінің жобасы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Шілде, 2021
Жекелеген мемлекеттердің орталық банктері өткен аптадан бастап алтынды көптеп сатып ала бастады. Бұған себеп те бар. Алдын ала болжанғандай, алтынның бағасы ең жоғары деңгейге көтеріліп, бір трой унциясы үшін 1833 доллардан асып түсті, деп жазады Egemen.kz «Коммерсант» газетіне сілтеме жасап.
Әлем • 14 Шілде, 2021
БҰҰ: Әлем халқының оннан бір бөлігі тамақтанбайды
БҰҰ-ның бірнеше агенттігінің сарапшылары дайындаған жаңа баяндамада 2020 жылы әлемдегі аштық жағдайы күрт нашарлағаны, әлем халқының оннан бір бөлігі, шамамен 811 миллион адам дұрыс тамақтану мүмкіндігінен айырылып қалғаны айтылған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 14 Шілде, 2021
Әлемдік қаржы нарығы: Үміт пен күдік
Сарапшылар әлемдік қаржы нарығының динамикасы екіұшты пайымның құрсауында тұрғанына алаңдаулы. Нақтылап айтқанда, дамыған және дамушы елдерде проинфляциялық қысымның өсуі байқалады. Мәселен, АҚШ-та инфляция 13 жыл ішінде ең жоғары деңгейге – 5,0%-ға дейін, Еуропада 2,3%-ға дейін, Ресейде 6,5%-ға дейін өсті. Бұл дүниежүзілік нарыққа және валюталардың тұрақтылығына да әсер еткен.
Қаржы • 14 Шілде, 2021
БЖЗҚ салымшыларына орта есеппен 4,5 млн теңге аударылды
2021 жылғы 13 шілдедегі жағдай бойынша Қор салымшылардың 350 269 өтінішін орындады. БЖЗҚ-дан тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған трансферттердің орташа мөлшері 4,5 млн теңге, деп жазады Egemen.kz БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап.
Қаржы • 14 Шілде, 2021
Ипотекалық несие портфелінің 52%-ы Нұр-Сұлтан мен Алматыға тиесілі. Бұл туралы 2021 жылдың алғашқы бес айындағы Қазақстандағы ҚҚҚ шолуында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Шілде, 2021
ДДСҰ: Коронавирус вакцинаға дес бермей тұр
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры, дәрігер Тедрос Гебрейесус Женевада бүгін өткен брифингте коронавирустың мутацияланып, әлемдік экономикаға қауіп төндіре бастағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz БҰҰ Жаңалықтар орталығы таратқан деректерге сілтеме жасап.
Экономика • 12 Шілде, 2021
Электрондық сауда әлемдік сауданы сандық протекционизмнен тазартады
Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда министрі Андрей Слепнев «Сандық сауданы Еуразиядағы өсу көзі ретінде пайдалану» Дүниежүзілік экономикалық форумының онлайн-сессиясында сөйлеген сөзінде электрондық сауда саласында көпжақты келісімдер жасаудың маңыздылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Шілде, 2021
Жыл аяғында теңгенің долларға қатысты бағамы қалай өзгереді?
Еуразиялық даму банкі 2021 жылдың аяғында теңгенің долларға қатысты орташа бағамы 423,1 құрайды деп күтеді, демек, жыл аяғына дейін теңге құнсызданып кетеді деп алаңдауға себеп жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 12 Шілде, 2021
Ғалымдар коронавирустың қалай көбейетінін анықтады
Коронавирустың салдарынан қайтыс болған марқұмдардың мәйітіне сараптама жасаған бразиялық ғалымдар сілекей бездерінің адам ағзасындағы коронавирустың «қоймасына» айналатынын дәлелдеп шықты. Әзірге оның үш түрі – паротидті, субмандибулярлық және ұсақ формалары талданды, деп хабарлайды Egemen.kz The Journal of Pathology сайтында жарияланған дерекке сілтеме жасап.