Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1878 материал табылды

Экономика • 28 Қазан, 2020

Еуразиялық валюта қаржы жүйесін қалыптастыруды ұсынды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев  "ЕАЭО мен Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасын ұштастыру" форумында ЕАЭО мен Қытай арасындағы қаржылық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары жөніндегі сессияда Еуразиялық экономикалық одақтың ұлттық валюталарға сүйенген валюта-қаржы жүйесін құру жайындағы өз ұсынысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан • 28 Қазан, 2020

Банк ВТБ: Кредиттік рейтингі активтер сапасының жақсаруына байланысты "ВВ+" деңгейінде расталды

2020 жылғы 29 қазанда Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтингтер қызметі Банк ВТБ (Қазақстан) үшін "Тұрақты" болжамымен "BB+/B" ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 26 Қазан, 2020

Азық-түлік бағасы шарықтап кетті

Жыл басында Үкіметтің экономикалық блогы нан, макарон өнімдері, қарақұмық жармасы, тазартылған күріш, сиыр еті, жұмыртқа, күнбағыс майы, тұздың шекті бағасын белгілеп, Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктері бірлескен бұйрыққа қол қойған болатын. Бағалар әр аймаққа жеке белгіленеді.

Экономика • 24 Қазан, 2020

ЕАЭО-да ғылыми-инновациялық ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда

Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің қатысушылары мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы өнімдерінің айналысы саласындағы біріздендіру мәселелерін, Еуразиялық экономикалық одақта бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жүргізудің басымдықтарын, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады. Отырыста Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянның төрағалығымен өтті, деп жазады   Egemen.kz  ЕЭК таратқан деректерге сілтеме жасап.

Экономика • 23 Қазан, 2020

ЕЭК кептірілген кокос жаңғағына арналған импорттық баждың бағасын нөлге түсірді

Бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кептірілген кокос жаңғақтарына арналған кедендік әкелу бажының бағасын үш жыл мерзімге 3%-дан 0%-ға дейін төмендетті. Шешім Ресей Федерациясының бастамашылық ұсынысын қарау нәтижелері бойынша қабылданды, деп жазады Egemen.kz  ЕЭК таратқан деректерге сілтеме жасап.

Экономика • 23 Қазан, 2020

ЕАЭО зергерлік бұйымдарындағы ортақ нарықтың бизнеске ықпалы бағаланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Жақсылықовтың төрағалық етуімен Реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) жөніндегі жұмыс тобы 15 қазанда ЕЭК-тің зергерлік бұйымдардың, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысын реттеу, сондай-ақ кедендік әкімшілік жүргізу салаларындағы шешімдерінің жобаларын қарады, деп  жазады Egemen.kz

Қоғам • 23 Қазан, 2020

Миграциялық саясат мегаполистердің маңайын дамытуға септеседі

Мемлекеттегі реттелмеген миграциялық үдерістер елдің этнодемографиялық балансына кері әсер ететіні белгілі. Сондықтан тартымды нүктеге айналған елдер миграцияның дауылынан тіл саясаты арқылы қорғанып келді. Яғни кез келген мигрант бет түзеген елінің ресми тілі мен тарихын білмесе, заңына мойынсұнбаса табалдырығынан да аттай алмайды. Бұл талапты бірер жыл бұрын Ресей де қолданысқа енгізді.

Руханият • 20 Қазан, 2020

Алматыда ортақ түркі тарихының жазылуы талқыланды

Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының жұмысы "Ортақ түркі тарихының жазылуы" атты панельдік сессиямен ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 20 Қазан, 2020

Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы басталды

Бүгін түркі әлемі ғылымы, әдебиеті мен мәдениетінің кеңеюіне ықпал етуді көздейтін Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы басталды. Осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан басқосудың ашылу рәсімі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің YouTube желісіндегі ресми арнасында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz аталған оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономика • 16 Қазан, 2020

«Қазақстандық инфляцияның» ерекшелігі неде?

Апта басында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылдың соңына қарай инфляция деңгейі 8 пайыздан асатынын ашық айтты. Бас банкирдің сөзіне сенсек, азық-түлік бағасының үздіксіз өсуі, валюта бағамының баға белгілеу процестеріне әсері де инфляцияны жеделдетуге себеп болып отыр. Есте болса, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жылдық инфляция 7 пайыз деңгейінде қалды деп мәлімдеген болатын.