Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
423 материал табылды

Медицина • 11 Желтоқсан, 2019

Баға QR кодтар арқылы беріледі

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

Шалғай ауыл тұрғындары көгілдір отын мен ауыз суға зәру

Газетіміздің Ақтөбе қаласындағы тілші қосынына келген азаматтар аты-жөндерін Залжан Сүеуов және Нұрлыбай Қошаманұлы деп таныстырды. Өз тарапымыздан шаруаларыңызды айта отырыңыз деген ишара тасталған соң олар қазіргі күні қабырғаларына қара тастай батып жүрген мәселелерді егжей-тегжейлі айтып берді.

Қоғам • 08 Желтоқсан, 2019

Кіріс көзі емес, уақытша қаржылай көмек

Қазіргі кезде еліміздің қаласында да, даласында да мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қатысты әр түрлі мазмұндағы әңгімелер тасқыны толастамай тұр. Мүмкін алдағы 2020 жылы оны тағайындау ережесі мен көп балалы отбасылардың балаларына берілетін жәрдемақыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде бұл әңгімелер бір арнаға тоғысар да. 

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2019

Баға QR кодтар арқылы беріледі

Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда дәрігерлердің рейтінгін қалай қалыптастыру қажеттігі жөнінде әр түрлі ой-пікірлер өрістеп жүр. Қалай дегенде де бұл мәселе денсаулық сақшыларының қызметіне тиісті баға беру арқылы анықталатыны анық.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2019

Урбанистік орталыққа айналудың бір тұтқасы

Ақтөбеде 500-мыңыншы тұрғын өмірге келді.

Қоғам • 05 Желтоқсан, 2019

Тіл тұғыры биіктей бермек

Биыл Ақтөбе қаласында ҚР «Тіл туралы» заңының қабылданғанына отыз жыл толуына орай түр мен мазмұны үйлесім тапқан көптеген іс-шара жүзеге асты. Осы орайда бір мәселе айқын деуге болады. Бұл егемен еліміздің тұғыры мемлекеттік тілімен де биік бола түсетіндігі. Ана тілін еркін меңгеруі арқылы жастардың бойында туған жері мен елін шексіз сүйе білу дағдылары қалыптасады. Оның терек иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болып қалыптасуды қалайтын жастар мен студенттердің басты парызы болмақ. Мәреге таялып келе жатқан биылғы Жастар жылында мұндай ұстанымның тигізер пайдасы аз болмаса керек.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2019

Ақтөбеде «Жылы шұлық» қайырымдылық акциясы өтті

Ақтөбеде соңғы жылдары қыс айлары жақындаған кезде «Жылы шұлық» атты қайырымдылық акциясын өткізу тұрақты сипат алып келеді. Бұған аймақтағы «Ақбөбек» қайырымдылық компаниясы бастамашы болып отыр. Әйтсе де бұл тұтастай алғанда қайырымы мен жүрегінің жылуы мол жандардың ісі десе де болады. Мұның өзі қалтадағы қаражатпен емес, көкіректегі ізгілік пен жан байлығынан бастау алатын іс екені анық.

Қазақстан • 05 Желтоқсан, 2019

Үкімет назарына: Асыл тұқымды жылқыны өсіруге кешенді көзқарас қажет

Соңғы кезде елімізде асыл тұқымды мал түрлерін өсіруге қатысты бірқатар мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге аса бастады. Оның алғашқы нәтижелері де тәп-тәуір. Бұл істе ең алдымен мүйізді ірі қара және ұсақ мал санатындағы қой-ешкіні асылдандыру жұмыстары ауызға бірінші оралады. Жөн-ақ.

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2019

Жаңа жүйе жасыл желекті жайқалта ала ма?

Бүгінгі таңда Ақтөбе секілді өндірісті қаланың «өкпесі» қысылып тұрғаны ешкімге де құпия емес. Оның басты себебі – кәсіпорындардан шығатын зиянды өндірістік қалдықтардың көбеюі әрі оны сіңіріп алатын ағаштардың аздығы. Бұл мәселеге қанатын кеңге жайып келе жатқан, мегаполис атанудан үміткер қаланың «бір кем дүниесі» дегеніміз жөн болар.

Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Жұмысшылар наразылығы туындамасын десек...

Еліміздің қай түкпірінде болсын, сол өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алға қарай дамуына септігін тигізе алатын қаржылық күш-қуаты мол компаниялар мен корпорациялар бар. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында мұндай кәсіпорындар сапында Альянс КПО б.v бар десек, Атырауда «Шеврон», ал Ақтөбеде «СНПС» корпорациясын айтуға болады.