Темір ҚҰСАЙЫН
Темір ҚҰСАЙЫН«Egemen Qazaqstan»
423 материал табылды

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2020

Нан бағасы неге қымбаттады?

Күнделікті тұтынатын әлеу­мет­тік маңызы жоғары азық-түлік тауар­ла­рының бағасын өсіруге жол бермеу – жергілікті атқарушы орган же­текшілеріне үлкен сын. Осы қатарға кіретін азық-түлік тауарының ба­сында нан тұратыны белгілі. Соңғы кезде Орал қаласында нанның бағасы өсті. Ресми деректерде бағаның өсу мөлшері 5-10 теңге деп ай­тыл­ғанымен, шын мәнісінде нан бағасының өсімі одан көбірек.

Саясат • 03 Желтоқсан, 2020

Белсенділігі артып келеді

Азаматтық қоғам тұғырнамасын жүзеге асыруда ел өңірлерінде құрылған үкіметтік емес ұйымдардың қатары жыл сайын өсе түсуде. Мұндағы бас­ты ұстаным азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстарды тереңдетуге және өзара үнқатысулар мен серіктестікті дамытуға негізделген. Осы орайда Орал өңірінде әлеуметтік, экономикалық және қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруда ҮЕҰ-ның қосып отырған үлесі сүбелі деуге болады.

Экология • 26 Қараша, 2020

Бұлақ көздері – көлді сақтап қалудың басты жолы

Қазіргі кезде еліміздің бірқатар аймақтарындағы өзен-көлдердің суы азайып, арнасы тартылып бара жатқаны айтылып та, жазылып та жүр. Соның бірі Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының оң түстігі мен Жайық өзенінің сол түстік-шығыз бөлігінде орналасқан – Шалқар көлі.

Қоғам • 26 Қараша, 2020

Үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артып келеді

Азаматтық қоғам тұрғынамасын жүзеге асыруда ел өңірлерінде құрылған үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жыл сайын өсе түсуде. Мұндағы басты ұстаным азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланыстарды тереңдетуге және өзара үнқатысулар мен серіктестістікті дамытуға негізделген. Осы орайда Орал өңірінде әлеуметтік,экономикалық және қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруда ҮЕҰның қосып отырған үлесі сүбелі деуге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

24 Қараша, 2020

«Ала қойды бөле қырыққаны» несі?

Бүгінде республикамыздың бар­лық өңірлерінде індетке қарсы іс-ша­ралардың жүйелі жүргізілуін ба­қылау, оның алдын алу және тиім­­ділігін­ көтеру үшін арнайы мони­то­рингтік топтар құрылғаны белгілі.

Қоғам • 24 Қараша, 2020

Бір жобаға екі рет тапсырыс берілді

Орал әуежайының бұған дейінгі ғимараты сонау жетпісінші жылдардың аяқ кезінде сол кездегі облыс басшысы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсановтың тікелей қолдауымен салынған еді. Содан бері қырық жылдан астам уақыт өтіпті. Егер дер кезінде оған күрделі жөндеу жүргізілсе, ескі әуежайдың әлеуеті мен мүмкіндігін әлі де пайдалана беруге болар ма еді. Алайда әуежайдың ұшу жолағы қайта төселгенімен, оның сыртқы және ішкі қабаттарын жаңғырту ісі ескерусіз қала берді.

Аймақтар • 24 Қараша, 2020

Жатақханаларды жеке инвесторлар салып жатыр

Бүгінгінің өзекті мәселелерінің бірі – жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін тиісті жатақханамен қамту. Бұл мәселе бұдан бірер жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген «Бес әлеуметтік бастаманың» бел ортасынан орын алғаны мәлім. Осы міндетті жүзеге асыру үшін Ақжайық аймағында жатақханалар салуға арналған жобалар жасақталып, оны негізінен жеке инвесторлардың қаражаты есебінен тұрғызу көзделген.

Қоғам • 18 Қараша, 2020

Ауыз су тапшылығы қайтсе реттеледі?

Республикамыздың батыс бөлігінде жыл сайын өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып келе жатқан қаланың бірі – Орал. Жайықтың жағасында орналасқан көне де жаңа шаһардағы тұрғындар саны да жыл сайын өсіп келеді. Оның болашағы бұдан да жарқын болатынына да ешқанай шәк жоқ.

Қоғам • 17 Қараша, 2020

Сенімге селкеу түспесін десек...

Соңғы уақытта елімізде сот жүйесіне жүктелген жауапкершілік пен сенім бір­шама артып келеді. Сонымен бірге бұрынғы уақытпен салыстырғанда азамат­тардың әділдікке қол жеткізіп, мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін сот үкімі мен төрелігіне жүгіну үдерісі де тереңдей түсуде. Ендеше өз кезе­гінде сот жүйесінің де халықтың осы сенімі мен құрметіне сай бола білуінің де орны айрықша екені анық. Әйтсе де бұған дейінгі тәжірибеде мұндай құн­дылыққа селкеу түскен жайттар де кездескені белгілі. Дана халқымыз мұн­дай кезде «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» деп орынды айтса керек.

Аймақтар • 16 Қараша, 2020

Сақтандыру ісі күшейіп келеді

Қобданың қиырында індеттің екінші толқынының алдын алу, әрі мүмкіндігіне қарай оны болдырмау үшін тиісті іс-шаралар кешені белгіленіп, жүзеге асып келеді. Бұл мақсатта құрылған қос мониторингтік топ өз жұмысын екі арна мен екі тармақ бойынша жүргізуге бағыт ұстауда.